Балғынбек Имаш 60 жасқа толған Айтақын Бұлғақовқа өлең арнады
Танымал айтыскер ақын Балғынбек Имаш өнер саласындағы ұстазы Айтақын Бұлғақовты 60 жасқа толған туған күнімен құттықтады. Ол белгілі ақынға деген лебізін өлең жолдарымен жеткізген деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Балғынбек Имаш өз құттықтауын Instagram желісінде жариялаған.
Ол Айтақын Бұлғақовты айтыстың ауыздық шайнаған арғымағына теңеп, оған мақтау сөздерін жаудырған.
"Әссәләмуғалейкум! Сапарда жүрген соң кешелі ғаламторға кіре алмадық. Алаштың айтулы ақыны, айтыстың ауыздық шайнаған арғымағы, менің ұстазым, Жандарбектің әкесі - Айтақын Бұлғақов 60 деген асқарға шығып жатыр. Ақ тілектеріңізді аямаңыздар, айтыссүйер ағайын" , - деген ақын әрі қарай тілген өлең жолдарымен жалғады.
Туылған Жаркенттей жазирада,
Алпысың құтты болсын, ағиық аға!
Арқаңда мына сенің мені халық,
Хәйләйлім Балғынбек деп таниды, аға.
Өйткені, сен сияқты домбыра ұстап,
Қызықпадым скрипка, пианиноға.
Арман мен Жандар деген қос құлының,
Кезек-кезек тудырсын сәби бала.
Немерелер толтырсын шаңырақты,
Шетінен ақын, батыр, қари, дана.