"Балаларыма білдіртпес үшін телефондарын өшірттім": Абай Бегей қыздарынан неге жасырын үйленгені жайлы айтты
"2015 жылы ораза айы болатын, бес уақыт намазын оқитын кісі болды. Оразасын ұстап бастады. Сол оразаның ортасында кішкене ауырып бастады. Ұсақ-түйек болған, дене қызуы көтеріліп деген сияқты. Содан мен сапарға кететін болдым. Сол кезде ол кісінің жұмысы ауыр болды. Ақтауда қалыңдық салоны болды. Қызым екеуі той, сән салонын ашқан еді. Сатылым жақсы болды, бірақ жұмыс өте ауыр болды. Той машинасын жалға беретін, той көлектерін өзі жуатын",- деп әнші марқұм әйелін еске алды.
Абай Бегей әйеліне Алматыға барып, демалып кел деген ұсыныс тастаған. Жұбайы келісімін беріп, ұлы екеуі Алматыға келеді. Әйелі мен ұлын шипажайға орналастырып, өзі Умраға аттанды. Қайғылы жағдай 4 күннен кейін болды. Алматыда достары, басқа да жақын бауырлары көмектесіп, денесін Ақтауға жеткізіпіті. Өзі Ақтаудағы әйелінің жаназасына әрең үлгеріпті. Марқұмның қан қысымы түсіп, жедел жәрдем жеткенше қайтыс болып кеткен.
"Қостанайда Азамат деген досым үйленді. Ол үйленсе, келіншегіңнің бетін мен ашып беремін деп айтқанмын. Қостанайда Азамат күтіп алды. Қыз жолдас келе жатыр, оны да өзімізбен бірге алып кетейік деп досым айтты. Сол тойда қазіргі әйеліммен таныстым. Жарты жылдай ма, сегіз айдай танысып жүрдік" - деп қазіргі әйелімен қалай танысқанын айтты.
Жасырын үйленуінің себебі балаларына екінші рет отау құрғанынын бірден айта алмаған. Батылым жетпеді дейді әнші.
"Балаларыма білдіртпеу үшін үйлену тойда барлық қонақтардың телефондарын өшірттім. Бірақ көрші әйелдер шығып, балаларыма айтып қойды. Үлкен қызым менімен сол үшін біраз жыл араласпай қойды" - деді Абай Бегей.
kaz.caravan.kz