Балалар жоңғар болғысы келмейді

Балалар жоңғар болғысы келмейді

Қарағандының оңтүстік-шығыс жағындағы жатаған қырқалар етегіне жайғасқан бейбіт қазақ ауылына жоңғар ләшкері күн құрық бойы көтеріле бере ұрандап лап қойды. Атты әскердің тұяқ дүбірі алыстан естілер болғандықтан, баспалап келіп, басып қалған жоңғарлар қазақтардың жан алысып, жан берісіп қарсыласқанына қарамастан, ауылдан тірі жан қалдырмай қырып салды. Тек бір бейбақ қана ғайыптан тайып аман қалып, хан ордасына өкіре жетті...

Қарағанды қаласының аула клубтары арасында қазақ тарихында, қазақ қана емес, тұтас Еуразия тарихында ойып орын алар «Аңырақай шайқасының» шағын көшірмесі дәл осылай басталды. Аталмыш айқасты ұйымдастырған қаладағы «Шах­тер» стадионының қызметкерлері аула клуб­тарына жазылған 9-16 жас ара­лығындағы балалар мен жасөспірімдерді па­триоттық тәрбиеге үндеуді ниет еткен екен. Жаз бойы осы шараға дайындалған ұжым бірнеше ғылыми еңбекті, де­ректі оқи келе, тарихи оқиғаның қо­йы­лымдық көшірмесін жасамақ болған. Бұл үшін аула клубтарын екі топқа бөліп, бірін – қазақ әскері, бірін жоңғар әскері ретінде киіндіріп, сарбаздардың қолына ағаштан қылыш, найза ұстатып, қатырма қағаздан дулыға, қалқан, сауыт жасатқан. Бес қаруы сай балаларға оқиғаның барша жүру барысы түсіндіріліп, әскербасылар сайланып, нақты сценарий бойынша ұрыс қи­мылдары да жүзеге асырылды. Ал хан­дар мен жекелеген батыр, билердің киім­де­рі С.Сейфуллин атындағы облыстық қа­зақ драма театрынан алынды.
Әлқисса, жоңғар әскері бейбіт ауылды қан сасытқан соң, қазақ ханы Әбілқайыр Дешті қыпшақ атырабына сауын айтып, жар салдырып, қол жинайды. Қаскөй Қал­дан-Сереннің әскеріне тойтарыс беріп, ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен ту­ған жерді жаудан азат етуге батыс пен шы­ғыстан, түстік пен теріскейден қалың қол­ жиналды. Самсаған найза, желкілде­ген ту астында екіұдай болып, қарсы кезік­кен қарсыластар алдында екі жақтың ба­ты­ры жекпе-жекке шығады...
Даланы күркіреткен музыка үнімен қо­са, «жоңғарлардың» зеңбіректері гүр­сіл­­деп, кескілескен майдан да басталып кетті. Тарихи «сценарий» бойынша қазақ әс­кері жеңіске жетті.
Қаланың қапырық кеңістігінен, қым-қуыт қарбаласынан бір сәт арылып, ата­ла­ры кешкен тарихи оқиғалардың ро­ман­тикасына еліткен жасөспірімдер үшін бұл едәуір уақыт айта жүретін әңгіме болды. Ал ұйымдастырушылар тарихи қо­йы­лымдарды болашақта бұдан да үлкен көлемде ұйымдастырамыз десті. Несі бар, отансүйгіштікке бастар тарихи оқиғалар ба­лалар санасына мектептегі оқу­лық­тар­дан ғана емес, осындай шаралар ар­қылы сі­ңірілсе, патриоттық тәрбиеде тың қадам­дар жасалатыны мәлім ғой. Оның үстіне мұн­дай шаруаны балалар әдебиеті мен муль­типликация, театр, кинематография сын­ды бірегей өнер салалары әлі нақты қол­ға ала алмай отырғаны да жасырын емес...

Павел СТАРОВИК, «Шахтер» стадионының әдіскері:
– Балаларға бұл шара туралы ал­ғаш хабарлағанымызда, қуанған­да­рын көрсеңіздер! Әу баста кез келген рөл­ді ойнауға келіскен аула клуб­та­рының өкілдері, жеме-жемге келгенде, жоң­ғарлардың рөлін ойнаудан бас тарт­ты. Бәрі қазақ болғысы келеді. Ақы­ры, Майқұдық тұрғын ай­ма­ғын­да­ғы клубтарды толығымен жоңғар әс­кері ретінде жарақтандырдық. Бо­ла­шақ­та мұндай шараларды тұрақты өт­кізіп тұруға тырысамыз. Тіпті далаға тү­неп жатып, шатыр тігіп, бірер күн да­ла­лық тарихи сахналарда да өткізуіміз әб­ден мүмкін.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста