Мөлдір Әуелбекова жақында тағы да қалыңдық атанды. Екінші мәрте тұрмысқа шыққан әншінің өмірі ғана емес, образы да өзгерді. Бұған сын айтқандар да, мадақ айтқандарда жетерлік. Ал, бұрынғы продюсері Баян Мақсатқызы қандай пікірде?
Бұл туралы "Опмай, опмай" бағдарламасында айтылды.
Мөлдір Әуелбекова келін атанғалы басына ақ орамал тақты. Жаңа образына алаңдаған жұртқа "орамалыды мүлде шешпеймін" деп жауа берді.
"Енді сахнаға шықпайсыз ба? Оранып сахнаға қалай шығасыз? Әнді де айтпайсыз ба? Намаз оқып жүрсіз бе? Өнер әлемінен біржола кеттіңіз бе?" деген сауалдар жиі жолданады.
Әріптестері тарапынан да Әуелбекованың әрекетін түсінбегендер бар. Енді бірі мақтау-мадақ айтып, қолдау білдірді.
"Барлық әйел заты орамал тағуы тиіс", "Орамал барлық қызға жарасады", "Өнерден иман артық" десті олар.
Ал, әншінің бұрынғы продюсері Мөлдірдің образына ешқандай сын айтпайды. Еге Мөлдірдің продюсері болғанда, қазіргі образымен жұмыс істей алар ма еді?
"Егер мен қазір Мөлдірдің продюсері болғанда, ол тұрмысқа шығуды қаласа, онымен жұмысты тоқтатар едім. Себебі тұрмыстағы әнші ол менің әншім болмайды. Ол күйеуінің әншісі болады. Оны күйеуі біледі. Сондықтан бірден жобаны тоқтатар едім. Ал, жаңа образына қатысты айтсам, ол оның өз таңдауы. Өз өмірі. Мен біреу үшін жауап бермеймін және бұған қалыпты түрде қараймын", - деді ол.