Бағлан Әбдірайымовтың қызы "Қазақстан дауысы" шоуына қатысып, әділ-қазыларды қарата алмады

Бағлан Әбдірайымовтың қызы "Қазақстан дауысы" шоуына қатысып, әділ-қазыларды қарата алмады

Әнші Бағлан Әбдірайымовтың қызы "Қазақстан дауысы.Балалар" жобасына қатысып, алғашқы кезеңде сүрініп кетті. 10 жасар Айқаракөздің өнерін бірде-бір тәлімгер бағаламады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Айқаракөз Рашид жобаның көрмей тыңдау кезеңінде "Жігіттер" квартетінің репертуарындағы "Арман-ай" әнін орындады. Ән айту кезінде қобалжыған жеткіншектің даусы дірілдеп кетті. Әділ-қазылардың кері бұрылмағанына да осы себеп болса керек. 

Қызды жобаға анасы қолдап келді. Ал тәлімгерлер Айқаракөздің әкесі кім екенін білгенде таңырқап қалды. Бағлан Әбдірайымов болса қызы үшін жүрегі ауырғанын айтып, одан кешірім сұрады. 

"Жылама қызым! Осы бір сәт жүрегімді елжіретіп жіберді. Жеңілген соң намыстан жылаған қызыма сүйсініп қалдым. Сөйлеу мәнері мен әдептілігі тәнті етті. Анасының еңбегі!

Шынымды айтсам, Айқаракөздің өнеріне аса мән бермеппін.
Мұңайма, қызым. Сенің жылағаныңа апаңнан бастап, апайыңа дейін көз жастарына ерік беріпті. Әлі талай қуантатын боласың. Жетістікке жету үшін осылай шыңдалған дұрыс деп есептеймін. Әділ-қазыларға ескертіп айтпағыным үшін, ренжіме. Әкесінің арқасы дегеннен аулақ болған дұрыс. Ақылың бар, түсінесің деп ойлаймын! Жолың ақ болсын!" - деп тілек білдірді ол.

<iframe width="560" height="315" src="https://www.youtube.com/embed/3VVx9zqPRv8" title="YouTube video player" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; clipboard-write; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture" allowfullscreen></iframe>

Stan.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста