Ауызша тарих немесе Алаштың Ақселеуі

Ауызша тарих немесе Алаштың Ақселеуі

Қазақ хал­қының тарихына қатысты тарихи деректердің кешенінде ауызша тарихтың алатын орны аса маңыз­ды. Көшпелі өрке­ниеттің негізгі тарихын аңыз-әпсаналар құрай­тынын да жақсы білеміз. Бірақ соны мойындағысы келмейтіндер өте көп. Аңыздарға, ертегілерге, шежі­релерге шалдардың шал­дыр-шатпағы деп қарайтын қате түсінік күні бүгінге дейін жойылма­ғаны әмбеге аян. Тарихты қатып қалған санмен ғана бедерлейтін ғалымдардың да қарасы азаймай тұр. Осы қасаң қағидаға түрен салған қазақ кім десе, бәрі бірауыздан Ақселеу Сейдімбекті еске алады. Кеше Астанада «Ақселеу Сейдімбек: ғылыми мұрасы және Тәуелсіздік (ауызша тарих мәселелері)» тақырыбымен өткен ғылыми-тәжірибелік конференция да соны айғақтай түсті.
Ахаңның «Қазақтың ауызша тарихы» атты еңбегінде осы уақытқа дейінгі ел арасында атадан балаға айтылып келе жатқан қазақтың ру-тайпаларының құры­луы­на, ұйысуына, бірігуіне, қалыптасуына қатысты көптеген аңыздар мен шежірелер жинақталған. Қазақ тарихында бірінші рет ауызша жеткен ақпаратты дерек ретінде қабылдауға барлығын мәжбүр етті осы еңбегімен. Сонысымен тарихшы, деректа­нушы ғалымдардың санасына қазақ тарихын қайта жазу туралы ой сал­ды.
Жазба әдебиетте ауызша деректен алғаш әдеби шығарма жасауды Мұхтар Омарханұлы Әуезов қолға алды. Абай бейнесін және сол қоғамдағы моральдық құндылықтар тізбегін ауыл арасындағы ақсақалдардың, замандастарының жа­дын­да қалған оқиғаларға сай қалыптас­тырған еді. Себебі дәл сол уақытта Абай заманындағы танымал тұлғалардың көбі­сіне қатысты мұрағат деректері жоққа тән болатын. Алайда Әуезовтен кейін аңызға әдебиет те, тарих та тек фольк­лорлық шы­ғар­ма ретінде қарап келді. Ондағы айтыл­ған ақпардың астарына үңілген адам бол­мады деуге толық негіз бар. Осылайша, біздің тарихи оқулықта­рымыздың барлы­ғы кеңес заманында қалыптасқан психо­логиямен жазылды. Ең әуелі КСРО-ның тапсырысымен «Қа­зақстан тарихы» болған еді. Тәуелсіздік алған соң да біздің тари­хымыз қазақ тарихы бола алмады. Тұтас энциклопе­диямызға дейін «Қазақстан тарихы» болып кетті. Олардың барлығын­да: «Қазақ туралы қытай не деді?», «Пар­сы­лар қандай ой айтты?», «Француздар қазақты қалай қабылдады?», ең әрісі, осындай мұрағат деректерін «орыс бізге қалай қорытып берді?» деген сауал­дардың негізінде жазылған еді біздің «Қазақстан тарихы». Бірақ бұл тарих қазақтың даныш­пан датқалары, паң кейіп патшалары, тіпті дуалы ауыз ақса­қал­дары не айтты деген ұғымды ұмыт қалдырған оқулық еді. Осы­ның барлығы Ахаңның өмірінің соңындағы өз қолымен бастырған соңғы кітапқа ауызша тарих деген атау беруге итермеледі. Содан кейін ғана сең болып семіп қалған миымызға қан жүгіре бастады.
Жамбыл АРТЫҚБАЕВ, тарихшы, этнограф:
– Осы уақытқа дейін тарихшылар шежірені тек бір әулетке қатысты тарихи сәттің бір бөлшегі ретінде қа­рас­тырып келген еді. Маркстік, ленин­дік көзқараспен жасақталған тарихи сана шежірені керітартпа кедергі санап, қазақ тарихынан аластатуды көздеді. Осы себепті қазақ шежіресі ғылыми тұжырымнан, ғылыми айналымнан шет қалып, жалпыға ортақ құндылық болу­дан қалған еді. Алайда біздің халықтың көрегендігі сонша, бүкіл тарихын ертегі мен жыр-дастанға сыйғызып, ешқашан материалдық апатқа ұшырамайтын мате­риалға жазып кетті. Ол – абыз ақсақалдардың жады. Адамның миы дүниежүзіндегі ақпарат сыйымдылығы өте жоғары жад екенін аттың үстінде, атанның қомындағы қазақ сол заман­да-ақ білген. Біздің бабаларымыздың тарихты жеткізу дәстүрі еуропалық жазу мәдениетінен үстем тұратыны сондықтан. Қағаз да, ағаш та әртүрлі табиғи апаттардың кесірінен бүлінуі мүмкін. Ал адамның миындағы ақпа­рат­ты ешкім ешқашан бүлдіре алмай­ды. Осыны Ақселеу ағамыз «Қазақтың ауызша тарихында» тайға таңба бас­қан­дай етіп дәлелдеп берді. Көзі тірісін­де 2000-ға жуық шежірені жи­нап, соның ішінен ғылымға қажет­тіле­рін ғылыми айналымға енгізгені үшін бар қазақ мақтан тұтуға лайық деп білемін.

Тарихшылардың алдында енді бір ғана мақсат болуы керек. Ол мақсат Ахаң өсиет еткен ауызша деректерді ғылыми айна­лымға енгізу қажет. Сол үшін ел ішіне кең көлемді тарихи-этнографиялық экспе­диция жасақтасақ та артықтық етпейді. Экспедиция барысында осы уақытқа дейін жеткен барша аңыз-әңгіме, жыр-дастан, ертегі-әпсаналардың барлығы хатқа түсіп, дәйекті дүниелерді қайта сарапқа салу қажет. Бұл да Ахаңның артына қалдырған, біз орындауға тиісті өсиеттерінің бірі. Күні бүгінге дейін Радлов, Ильминский, Мелио­ранский секілді миссионерлердің жинаған фольклорын қанағат тұтқанымыз жетеді. Енді барлығымызға қозғалу керек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста