Атоммен айқасқан ақын

Атоммен айқасқан ақын

Қазақта ақын көп, бірақ атоммен алысқаны аз. Ядролық сынақ зардабын шеккен елдің қайғысын көзімен көріп, жүрегімен сезінген жан ғана оның қасіретін біледі. Атоммен уланған жаралы жүректердің сырқатын өлеңмен емдеп, ертеңгі күнге үміт сыйлаған шыңғыстаулық ақын Төлеген Жанғалиев ақырын жүріп, анық басып 60-қа жетіпті. Ерлікті жүрекжұтқан батырлар ғана емес, қалам ұстаған ақындар да жасайды екен. Бұл – ақынның бір ғана ерлігі.

Төлеген Жанғалиұлы ұлылар мекені – Шыңғыстауда дүниеге келген соң, Абайдың ақындық мектебін жалғастыруды ұрпақ алдындағы парызым деп білген. Тарихқа зер салар болсақ, хакім Абайдың жанына ақынжанды жігіттерді жиып, оларға тапсырма беріп, бір-бірімен айтыстырып, қағыстыру арқылы таланттарын ұштаған. Абайдың тәрбиесін көрген Шәкәрім, Көкбай, Әріп, Уәйіс, Әсеттердің қай-қайсысы болса да, «қазақпын» деген әр оқырманға шын ақын ретінде таныс. «Мақсұтым – тіл ұстартып, өнер шашпақ» деп Абай атамыз айтқандай, менің мақсатым – алдыма келген жастардың бетін қақпай, талабын байқау. Менің міндетім – тек қазақ өлеңінің құдіретін түсінуді үйрету, өлең жазуға баулу. Әрине, олардың барлығы бірдей мықты ақын болып кетпес, десек те, жас өрендердің қазақтың қара сөзі мен өлеңін кеудесіне түйіп, түсіне білетін азамат болуы да – жетістік», – дейді Абайдың ақындық мектебінің түтінін түтетіп отырған Төлеген Жанғалиев.
Төлеген ағаның жастайынан өлеңге құмар болуына өлеңшілер әулетінен шығуы әсер етсе керек. Ақынның атасы Ыбырай – Абай еліне мәшһүр дәулескер күйші, Абайдан бата алған адам. Өз әкесі Жанғали өлең жазған. «Бақытыма орай, Шыңғыстаудың шежіре қарттары Кәмен Оразалин, Нысанбек Омашев, Шәкір Әбеновтердің әңгімесін тыңдап, тәлімін бойға жидым. Эпикалық жанрды түрлентіп, соңғы нүктесін қойған халық ақыны Шәкірдің қасында 20 жыл жүруімнің өзі – Алланың берген сыйы. Мен үшін одан асқан олжа жоқ», – дейді ақын тебірене.
Төлеген ағаның мұрындық болуымен, 1996 жылы қоғамдық негізде Қарауыл гимназиясының қасынан ақындар сыныбы ашылды. Кейіннен 2000 жылы аудан әкімінің қолдауымен арнайы штат бөлініп, Мерғали Ибраев атындағы «Ақсұңқар» ақындар сыныбы деп аталды. Бүгінде 20-дан астам жасқа тәлім беріп жүрген ұстаз шәкірттерінің алды облыстық, республикалық мүшайралар мен ақындар айтыстарының жеңімпаздары.
Махаббат тақырыбын баллада жанрында жырлаудың үлгісін көрсеткен Төлеген ағаның шығармашылық кешін өткізуді Абай аудандық мәдениет үйі, Қарауыл гимназиясы ұстаздары мен ақынның шәкірттері қолына алған екен. Ақынның «Бүлдірген тере барғанда», «Иіссу», «Ақ бантик» балладаларына оқушылар көрініс қойса, «Адам мен ажалдың айтысы», «Баба деп қойдым атыңды», «Біз жұмаққа бармаймыз» атты дастан, өлеңдері бес бөлімнен тұрған кешке арқау болды.
Ақын еңбегі еленбей қалған жоқ. Аудан әкімшілігі мен аудандық мәслихат арнайы сый-сияпатын көрсетті. Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының бастығы Махмұт Тойкенов Құрмет грамотасы мен мәдениет және ақпарат министрі М.Құл-Мұхаммедтің арнайы табыстаған «Мәдениет қайраткері» төсбелгісін ұсынды. Аудан әкімі Төлеген Жанғаливқа ақындар тәрбиелеудегі еңбегі үшін білім және ғылым министрі Ж.Түймебаевтың Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгісін табыс етті. Аудандық мәдениет үйінде өткен ақынның шығармашылық кешінде ине шаншар орын болған жоқ. Халық сүйікті ақынына деген құрметін осылай білдірді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста