Астанада Маңғыстау облысының мәдени күндері аталып өтті

Астанада Маңғыстау облысының мәдени күндері аталып өтті

Астанада Маңғыстау облысының мәдени күндері аталып өтті. Мұнайлы түбектен барған делегация екі күн бойы елордалықтарды өздерінің ерекше өнеріне тәнті етті. Сонымен қатар арнайы жәрмеңке ұйымдастырылып, Арқа тұрғындары Маңғыстаудан жеткен табиғи дәмге разы болысты.
Астанаға барған маңғыстаулықтар бір нәрсені ойға тоқып қайтты. Ол – Арқада өмі­рінде түйе етін жеп көрмеген азаматтар көп екен деген пікір. Себебі арнайы ұйым­дастырылған ауылшаруашылық жәрмең­кесіне маңғыстаулықтар, негізінен, түйе еті мен шұбат апарған еді. Астаналық тұрғын­дар алыстан жеткен жеңсік асты екі сағатқа жеткізбей талап әкетті. Негізінен, облыс алыста орналасқандықтан, қолда бардың бәрін көтеріп бару қиынға түскен. Дегенмен елордаға 60 тоннаға жуық өнім жеткізілді. Оның 10 тоннасы ет болса, 30 тоннасы – жергілікті көкөніс, сондай-ақ 10 тонна балық, 9 тонна сүт өнімдері және 1 тонна қазы-қарта мен құрт-жент сияқты қазақтың ұлттық тағамдары да арнайы апарылған болатын. Арқаның тұрғындары, әсіресе Маңғыстаудың шұбатына ұзын-сонар кезекке тұрды. Сондай-ақ Маңғыстаудың маң түйесінің етінен дәм татып көріп, өр­кеш майын асағысы келетіндер бір-біріне телефон соғып, тез келуін сұрап жатты. Ал қарт Каспийдің балығының дәмін татып көргендер Астанада, әрине, көп. Сондық­тан 9 тонна балық тек жолы болғыштардың қолына ғана тиді десе де болғандай. Жалпы айтқанда, маңғыстаулықтар жәр­меңкеде 172 өнім түрін ұсынды. Ең бас­тысы, оның бәрі қолжетімді бағада сатыл­ды. Мысалға, шұбаттың литрін 500 тең­­­ге­ден, түйе етін 800-900 теңгеден саудалаған. Ал түйе сүтінен жасалған балқаймақтың дәмін татқандар тек саусағын сорып, бас шайқап қалды десе де болады. Сондай-ақ маңғыс­таулықтар осы жәрмеңкеде елордалық­тарды бақша өнімдерімен де қамтыды. Ақкетіктің жылыжайында өскен қияр мен қызанақ та дәмі жағынан болсын, бағасы жағынан болсын, көптің көңілінен шықты. Құрықтан барған «Құрық ассортиі» кәсіпорны да тұз­далған қияр-қызанағын айналасы екі-үш сағаттың ішінде сатып тауысты.
Дегенмен маңғыстаулықтардың Аста­наға арнаған сыйы тек бұл емес еді.
Мәдени күндер аясында Елордада «Маң­ғыстау ақын-жазушыларының кітап­ханасы» сериясымен жарық көрген 50 томдықтың тұсауы кесілді.
Маңғыстау облысының – 40, Ақтаудың 50 жылдық мерейтойына ерекше тарту болған көптомдық – астаналықтар үшін де ерекше сый. Көп томдықта Абыл, Ақтан, Нұрым, Қашаған мен Қалнияз, Аралбайдан бастау алған өлке әдебиетінің маржандары қамтылған. Бағзының аңыз-әпсанасы, салт пен дәстүр, батырлық туралы дастандары­мен қатар, бүгінгі шат заманның тамаша табыстары да суреттеледі. Достық, жастық пен махаббат мақамдары да кеңінен көрі­ніс тапқан. Бас-аяғы 93 қаламгердің еңбегі бес ай көлемінде жинақталыпты. Көп томдықтың бірі – «Жастар жырлайды» деп аталады. Әдебиет айдынына қанат қаққан жас ақындар да өлкенің энцик­лопедиясы саналатын 50 томға өздерінің үлесін қосты. 50 том елордада жоғары бағаланды. Сиясы кеуіп үлгермеген жаңа басылым, ең алдымен, Ұлттық академиялық кітапхана сөрелеріне орналастырылатын болды.
Ал мәдени күндер «Астана – арманым, Маңғыстау – мәңгі әнім» атты Маңғыстау өнерпаздарының гала-концертімен қоры­тындыланды. Қасиетті өлкенің сәлемін арқалай барған 200-ге жуық үздік шы­ғар­машылық ұжым ән мен жырдан шашу шашып, астаналықтарға әдемі кеш сый­лады. Концертті Абыл Тарақұлы атын­дағы ұлт-аспаптар оркестері мен «Жорға» ансам­­блінің бишілері ашып берді. Ағайынды Асқар және Асанәлі Көшеровтер «Өз елім» әнімен көрерменнің қошаметіне ие болды. ХІХ ғасырда өмір сүрген жеті өнерпаз – Жеті қайқының асыл мұра, рухани жәдігерліктерінің ішінде ғасырлар сүзгісінен өтіп, бүгінге жеткен көл-көсір ән қазынасын Айгүл Қосанова, Ақмарал Ерімбетова, Нұрым Асқанов пен Әсемхан Баймағанбетовтер астаналық­тарға паш етті. Жиналған қауым маңғыс­таулықтардың табиғи колоритін ғана емес, әртістердің киген ұлттық киімдерінің де ерекше нақышын атап өтті.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста