"Ас үйге кірсем, ұрсады": Жәния Джуринская ата-енесімен қарым-қатынасы жайлы айтты
Жәния Джуринская күйеуінің ең ізгі қасиеттерін атап, ата-енесімен қарым-қатынасы жайлы сыр шертті. Айтуынша, күйеуі де, оның ата-анасы да Жәниядан тамақ әзірлеуді талап етпейді. Бұл туралы актриса желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Актрисаның айтуынша, күйеуі оның ас үйде көп уақыт өткізгенін қаламайды. Керісінше, үнемі ізденісте жүріп, дамуын қолдайды. - Ал тамақты тапсырыс беріп алдыртуға да болады, - дейді өзі. Жас жұбайлардың бұл ойымен Даниярдың ата-анасы да келісетін болып шықты.
"Мені өз қыздарындай қабылдады. Ас үйге кірсем, ұрсады. Еркелетеді. Психологтардың айтуынша, еркіндікке сенбейтін адамдарға қысым жасалады", - деді Жәния қайын жұртымен қарым-қатынасы жайында.
Бұдан өзге, актриса қандай жағдайда күйеуін кешірмейтінін айтты.
"Опасыздық жасау, т.б. мәселелерге қатысты онсыз да түсінікті деп ойлаймын. Мынадай жағдай бәрінде болады деп ойлаймын: өміріңде бір маңызды дүние орын алады немесе ойыңа бірдеңе келеді, оны бірден жақын адамыңмен бөлісу керек. Ол адам мен болмай қалсам, кешірмеймін", - деді Джуринская.