Арман Дүйсенов Арман ағасына әлі хабарласпапты...

Кеше facebook.com әлеуметтік желісінде Арман Сқабылұлының Арман Дүйсенов пен «Тукаға» «іздеу саламын» деген постын оқыған соң біз де дереу осы азаматтарды іздестіріп едік, әйтеуір Туканы таптық. «Алаш айнасынан» оқыған боларсыздар, Тука Арман ағасына хабарласуға уақыты болмай кеткенін айтып ақталды. Ал ойнап айтса да жұрттың ойындағысын айтатын Арман Сқабылұлы өзі іздеген өнердегі қос азаматқа біздің де іздеу салғанымызды тілге тиек етіп, бүгін фейсбуктегі жеке парақшасына ешкімнен сәлемді сұрап алмайтынын жазыпты.

Сәлемдi сұрап алмайсың ғой...
Бүгін "Алаш айнасы" менің екі бауырыма – Нұржан Төлендиев пен Арман Дүйсеновке іздеу жариялаған жазбамды іліп әкетіп, тіпті "Туканы" тауып алып, менің ағалық назымды жеткізген екен. Жоғалған бауырдың не дегенін өздеріңіз оқып аларсыздар. Кешелі бері жүздеген адам оқыған, пікір айтқан бұл жазбамды мен ол екеуін іздеп тауып, сөйлесіп, мауқымды басайын деп жазған жоқ едім. Оны өздеріңіз де байқап, "мақтамен бауыздау" деп бағалап жатырсыздар. Сәлемді сұрап алмайсың ғой... Амандықты білгісі келген інілер өздері - ақ іздеп тауып алар. Қатты сағынып бара жатсам мен де өзім қоңырау шалармын. Мәселе мұнда емес. Мен кейбір адамдардың пенделік тірліктерін әзілмен болса да астарлап айтқым келіп еді. Ең болмағанда жастар оқып ойланар, осындай пендешіліктен аулақ болса деген үміт қой баяғы. Атақты продюсер, талай жасты "жұлдыз" жасаған, эфирге әнші - жүргізуші шығару дегенді өзі бастағанына әлі күнге "бармағын шайнап" өкінетін Серік Абас-шах -"Еларнаның" жабылуына байланысты қызметінен кеткенін бәріңіз де білесіздер. Сол Серікке қазір өзі жетектеп адам қылған, бүкіл елге танымал еткен "жұлдыздарының" бірі де қоңырау шалмайды. Тіпті, өзі телефон соқса да әлгі патшағарлар көтермейді де. Өйткені оның қызметі жоқ. Қазір жеке студияда тірліктерін бастап жатқан сол Серіктiң бір кездегі "сүйіктілері" оның жаңадан шығармақ болып жатқан бағдарламасына да келмейді. Келе қалса да ән айтқаны үшін ақша сұрайды. Аз ғана уақыттың ішінде адамның бұлай өзгеруі ақылға симайды екен. Асыраған күшігiңнің балтырыңды канатқаны осы шығар. Әнші - жүргізуші мәселесінде талай сөзге келген Серік досымды да табалағым келмейді. Өйткені бұл -ертең әркімнің-ақ басына түсетін жағдай. Абас-шах ертең бір керемет жұлдызды бағдарлама жасаса, әлгілердің ештеңе болмағандай оны қайта жағаларына да күмәнім жоқ. Сондықтан әңгіме "Туканың" қоңырау шалғанында емес, достар! Азғана ғұмырда адамгершілік деген қасиетті ұғымды пендешілікпен шатастырып алмауда ғой...(Арман Сқабылұлы facebook.com әлеуметтік желісінен).
Арман, Арман ағаңыздың осындай сөздерінен кейін де хабарласпай жүре бересіз бе?
Екі інісін іздеу арқылы өнер жұлдыздарын «мақтамен бауыздаған» Арман ағаның ойын біз түсіндік. Бірақ ешкімнің ешкіммен шаруасы жоқ қазіргі мынау алашапқын заманда сәлемді де сұрап алуға тура келіп тұр-ау...
«Басыңнан дәулет кеткен соң жаман дос келмес қасыңа» демекші, атақ-даңқың, қызметің болмаса, ешкімге керек болмай қаласың. Бұрын әріптес, дос, туыс, дастархандас болған адамдар кейде біраз уақыт өткен соң сәлемдесуге де жарамай қалады. Қайсібіріне ренжисіз?!
Арман аға, егер сіз өзіңіз Тука, Арман секілді інілеріңізді бірінші болып іздемесеңіз, олар сізді іздеп, «осындай ағам бар еді» деп хабарласар ма еді? Ал Арман ініңізге сіздің де, біздің де сәлеміміз жетпеген болу керек ол кісіден әлі хабар жоқ. Арекеңнің де қу тіршіліктен қолы босамай, «бірліктері» болмай жүрген болуы керек.
...Әлде Арман Дүйсенге «единица» салып берсек пе екен?...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста