АРАНЫ АЛЫСТАТҚАН БІР АУЫЗ СӨЗ

АРАНЫ АЛЫСТАТҚАН БІР АУЫЗ СӨЗ

1989 жылы Алматы театр және көркемсурет (қазіргі Жүргенов Академиясы) институтын КСРО халық артисі Хадиша апай Бөкеева мен Тұңғышбай Жаманқұловтың курсында бітірдім.

 

Дипломдық спектакль Гальдонидің "ҚОНАҚ ҮЙДІҢ ҚОЖАСЫ" мен А.Вампиловтың "ҚОС ҚЫРШАҢҚЫ ҚАЛЖЫҢЫ"болды. Сол қыршаңқы қалжыңдағы басты роль Калошинді ойнағанымды көрген, мемлекеттік емтиханның комиссия төрағасы болған Әзірбайжан Мәмбетов "Мына бала менде қалады" - деп, ертесі күні әкем театрға жолдама жазып берді. Тұңғышбай ағам өзі әкеліп қолыма ұстатты. Әйтпесе мені Жетісай театрына жібермекші еді.

 

Бұл мамыр айының соңғы кездері болатын. Сол кездерде Әзекең Әуезов театрына "Көшеде жүрген пақырды әкім бол деп шақырды" комедиясын қоюды қолға алған екен. Басты рольде Құдайберген ағамыз. "Тамашамен" бір халтураға "байқатпай" кетіп қалса керек, оны басшылар біліп қойып, репетицияға келмеген Құдекеңді жиналысқа салады. Сол жиналыста Әзірбайжан ағамыз бүкіл театр артистерінің көзінше "Құдайберген, қайда кетсең онда кет, сені он орап алатын актер алдым, биыл Бөкеевадан бітірді, келеді. Ты не нужен!" - деп қалады. Әрине, ағамызды театрдан шығармайды, сөгіс арқалап, жұмысын жалғай береді. Бірақ, өзімді танымайтын ағам жаңағы сөзге бола мен келмей жатып сырттай жек көріп кетеді.

 

Мен күзде театрға келе сала сол басты рольді бірден берді. Дайындықта ағам берген сәлемімді алмайды. Неге екенін білмей мен жүрмін. Ақыры сыпсың сөз құлағыма жетті. Жазықсыз жапа шектім өз өзімнен. Бір жылдан соң ағам театрдан кетіп қалды. Мен кетіргендей азапқа түстім. Жақындап сөйлесуге жанына жуытпайды.

 

Ағаммен сол салқындық ұзақ жылға созылды. "Тамашаға" барғанымда ол кісі депутат еді, кей концерттерге қатыса алмай қалады, орнына мен шығам, сөйтіп жүріп ол жерден де кетті ағам. Мен барған жерден кетіп қала беретіні маған қатты батты. Арамыз тіптен суып кеткендей болды.

 

Арада біраз жыл өтті. Ағам Жүргеновте сабақ беріп, сырқаттанып жүрген кез. Сабақ үстінде ұйықтап кететін. Бір күні асханаға, мұғалімдерге арналға залға кірсем ағам қалғып кетіпті, мен кіргенде селт етіп оянды. "Аға, шай, су ішесіз бе?" - деп едім, "Су алғызшы" - деді. Су әкелдім. Соншама жылда екеуден екеу кездескеніміз осы. Сәл үнсіздіктен соң ағам әңгімені өзі бастады. "Асқар, осы екеумізге не болды?" - деді. Көңілім босап кетті. Толқып отырып бар оқиғаны өзім елден естігенімді айтып бердім. "Менің жазығым Әзекеңе ұнағаным ғана, Сіздің алдыңызды кесем деген ойым жоқ еді" - деп бітірдім. Ағам да көзіне жас алып, шашымды уыстап ұстап өзіне тартып, маңдайымнан сүйді де "Маған да сол сөз ауыр тиді. Бүкіл әріптестің көзінше сенің алдыңа жығып бергендей болды, айып менде, кешір" - деді. "Тағдырыңызға кез келгенім үшін Сіз де кешіріңіз мені" - дедім. Екеуміз ұзақ отырдық. "Бір эстрадалық сатира театры керек қазір. Депутат кезімде істеуім керек еді, өткізіп алдым. Енді жас келді шама келмес, сенің қолыңнан келеді, кірісіп көр" - деп, біраз ойын айтты. Оған менің де әлі шамам келмеді.

 

Бір-екі айдан соң Құдайберген ағадан да айрылдық сосын. Көңіліме демеу болатыны кешірім сұрап, тілдесіп үлгергенім. Бір ауыз сөз...

 

 

Асқар Наймантаев

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста