Ақын сөзін бүгінмен ұштастырған

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің «Абай арманы» зиялылар клубының кезекті кездесуі өткізілді. «Абай арманының» бұл жолғы қонағы – сенатор, философия ғылымының докторы, профессор Ғарифолла Есім. Университет оқытушылары, ғалым-профессорлар, зиялы қауым өкілдері және студент-жастар көптеп жиналған кездесудегі тағылымды әңгіме тақырыбы «Шәкәрім және бүгінгі заман» аясында жалғасын тапты.
Ұлтымыздың қос ұлы тұлғасы Абай мен Шәкәрімнің шығармаларын ғылыми тұр­ғы­дан зерттеуде қадау-қадау еңбектері­мен әйгілі Ғарифолла ғалымның шешен тіл, еркін ойымен өрбіткен әңгімесі ұйып тың­даған қауымның көкейінде тамаша әсер қал­дырды. Бүгінгі өркениет көшіне бет тү­зе­ген Қазақ елінің әлемдік игіліктерді иге­рудегі қадамдарын Шәкәрім шығарма­шы­лығымен шебер байланыстыра баян­дады.
– Шәкәрім бабамыздың айтуынша, заманға сай болу – қазіргі Қазақстанның инновация жолындағы бастапқы міндеті. «Ақылды жанның мүлкі – әлем», – дейді Шәкәрім. Ақылды жан – ол кім? Ақылды жан – ойын жүзеге асыра алатын, іс-әре­ке­тінің нәтижесін көретін адам. Егер ақыл­мен жұмыс істесең, бүкіл әлем сенікі» де­ген­ді айтады. Шәкәрім өлеңдерін оқыған­да тағы бір таңғалғаным, оның шығарма­шы­лығы ұрансөздерге өте бай. Мәселен, «Құбылған әлем жарысы – ақылды адам та­бысы» деген сөзі бар. Ойлап қараңыз, заман құбылыстарын тұлғалар тудыраты­нын меңзеп отыр. Өмірдің бірқалыпты ырғақтан тұрмайтындығын, жақсы бол­сын, жаман болсын қандай да бір өзгеріс­тер болса оның адам қолымен жасалатын­ды­ғын сонау 30-жылдардың өзінде айтып кеткен. Сонымен бірге қазағын басқа ел­дермен салыстыра отырып, жаттанды қа­лыптан шығуға, заман құбылысының кез келгеніне дайын болуға шақырады. Көріп отырмыз, Шәкәрімнің өркениетті көздеген ойларын ақпараттық технология жоқ кез­дің өзінде айтқан, – деді Ғ.Есім.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста