Ақылбектің "Қызыл өрігін" Асхаттың "Мария магдаленасы" алмастырды

Ақылбектің "Қызыл өрігін" Асхаттың "Мария магдаленасы" алмастырды

Тойға жиі баратындар жақсы біледі, бүгінде қазақ тойларында «Мария арман едің, о,о,о, Жұлдыздай жанған едің, о,о,о, Жүректің болған емі, о,о,о, Өзіңсің жаным! Ай, ай, ай! Чип-чип, чип-чип, аха» деп шырқалып, жұртты шыр айналдырып билететін ән «хитқа» айналған. «Хит» демекші, бүгінде Асхат Тарғыновтың «Мария магдаленасынан» басқа қандай әндер тойдың көрігін қыздырып жүр? «Алаш айнасы» халықаралық байқауларда бәйге алмаса да, қазақ тойларында халықтың ерекше сүйіспеншілігіне бөленген той әндерінің біразын көпшіліктің назарына ұсынып отыр.
Былтырлары Ақылбек Жеменейдің орындауындағы «Қызыл өрік» әні тойдағы топ әндердің тұғырынан түспей тұратын. Оның алдында Заттыбектің «Ақмаржанынсыз» той өтпейтін. Жылдан жылға той да көбейді, ойнақы той әндердің қатары да молая түсуде. Тойшы қауым той әндерінің сөзіне мән беріп жатқаны шамалы, ең бастысы музыкасы ырқақты, көңілді болса болғаны. Той әндері тойда ғана орындалады деп ойлап қалмаңыз, тойға бармасақ, той жасамасақ басымыз ауыратын біздер тойдың хиттерін көлігімізде отырып та, үйде де, базарда да тыңдай береміз. Жайы келсе, ыңылдап тойдың әндерін өзіміз де айтып жүреміз.
Сахнадан гөрі тойдан жақсы табыс табатын әншілердің ән қоржынында кемінде 3-4 той әндері бар. Өйтпегенде ше, тойға шақырыла қалса, жұртты билету керек қой, той иесінің көңілінен шығу керек?!!
Біз мың жерден эстрамыз жылаңқы әндер мен мән-мағынасыз ойнақы әндерге толып кетті деп даурықсақ та, халыққа өтетіні «тойдың хиты» болып тұр. Сондықтан қазақ эстрадасының кемінде 70 пайызы той әндері десек, қателеспейміз.
Қазақта не көп той көп қой, соған сәйкес той әндерінің түрлері де жетіп артылады. «Құдалар», «Нағашы», «Әпкелер», «Немерем» деп кете береді. Ал әнші Гаухар Әлімбекованың «Келінге өсиет», «Ақ босаға» әндері ұзату мен үйлену тойларының «беташарына» айналған. Бұл енді тойдың тақырыбына, тілек айтушылардың туыстық атауларына байланысты қойылатын әндері. Біздің сіздерге ұсынғалы отырғанымыз тойшы қауымның көңілін көтеріп, қарындары тойғанда секіртіп билететін әндер. Бүгінде бар қазақтың аузында жүрген той әндерінің көшбасшысы ақтөбелік Асхат Тарғыновтың «Мария магдаленасы» болып тұр. Асхат бұл әнді қашан, қалай жазғанын, клипін қалай түсіргенін басқалар жаза жатар. Біздің түсінгеніміз, Асхат қандай мақсатта осы әнді жарыққа шығарса да, ең бастысы ән хитқа айналды. Әсіресе, әндегі «чип-чип» деген сөз деуге келмейтін дыбыстары дейміз бе, тойшы қауымды жемге шақырған балапандай жапа-тармағай билететініне куә болып жүрміз. Біз сіздерге өзіміз топтастырған той әндерінің ондығын ұсынып отырмыз. Тыңдап көріңіз, той әндерін тыңдасаңыз, еріксіз билеп кетесіз. Ендеше кеттік...
Асхат Тарғынов «Мария магдалена»
Ақылбек Жеменей «Қызыл өрік»
Ақылбек Жеменей «Миллион қыздар»
Роза Әлқожа «Тойбастар»
Төреғали Төрәлі «Іздеме»
Ернар Айдар «Жарайма»
Қайрат Нұртас, Әлішер Қайратұлы
Бүркіт пен Айша «Тау-тау сезім»
Жігіттер «Жүрегім менің жүрегім»
Қарақат «Тойға тілек»
«Той дегенде қу бас домалайды» демекші, халық тойға көңіл көтеру үшін барады. Той иелері өздерінің сүйікті әншілерін қуаныштарына шақыруға тырысады. Қазір әншілеріміз халықтың не қалайтынын да біліп алған. Олар тойшы қауымның жас ерекшеліктеріне байланысты ретро әндерді қайта өңдеп те айтады, қырғыздың, өзбектің ойнақы әндерінінің қазақша нұсқасын да жасайды, керек десеңіз лезгинка мен үндінің «Агаясын» да қазақ әншілерінің орындауында тыңдай аласыз. Қысқасы, қазір біз бақыттымыз, 90-жылдардағыдай «Руки верх», «Демо», Валерия, Буланованың әндеріне билемейміз, тойларымызда қазақ эстрадасының әндеріне билейміз. Тек әншілеріміз тойға арнап жазған әндерінің сөздеріне де біраз мән берсе екен. Жоғарыдағы әндердің ішінде мәнді-мағыналылары да жоқ емес, бірақ құр ұйқасқа құрылған жеңіл-желпілері де жетіп артылады.
Тойды қазынасына балайтын халықпыз ғой, бірақ тойда не болса соны әнге қосып айта беруге болады деген түсінік қалыптаспауы тиіс. Сіз қалай ойлайсыз? Сіз үшін тойдың «хиты» қай ән?

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста