«Ақселеу академиясынан» өткіңіз келсе...

«Ақселеу академиясынан» өткіңіз келсе...

Сүйінші! Қазақтың маңдайына біткен, қазақ фольклоры мен этнография­сының тұнығын қанып ішкен жазушы, этнограф Ақселеу Сейдім­бектің алты томдық шығар­малар жинағы оқырманға жол тартты. Кеше Ақаңның аманатына қиянат жасамай, уәдесінде тұрған мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедтің өзі келіп, кітапты жұртқа таныстырып шықты.

Жинақ – Ақселеу Сейдімбектің өмір бойғы жазған-сызғанының таңдамалысы. Өзінің көзі тірісінде екшеп, елеп, өзі сұрып­тап, дайындап, жіктеп, жіліктеп жасап бе­ріп кеткен дүниесі. «Ақаң қазақ прозасына этнографиялық прозаның қазақша үлгісін алып келді. Сондықтан да оны этнография­лық прозаның классикалық өкілі деуге болады», – деген министр оның этногра­фия­лық дүниелері ешбір ғылыми атағы жоқ кездің өзінде тарихшы, ғалым Әлкей Марғұланның назарына іліккенін айтты. «Ақаңның Қарағандыда, былайша айт­қанда, провинциялық журналист бо­лып жүрген кезінде жазған шығарма­ларын, мақа­лаларын оқыған Әлкей Мар­ғұлан Ақаңның аңшылық дәстүрге бай­­ла­нысты, Орталық Қазақстандағы тарихи-мәдени ескерткіш­тердің жай-жапсарына қатысты пікіріне сілтеме жасап: «Ақселеу Сейдімбек осылай деген, мен оның пікірімен келісіп, осыны осылай толықтырамын», – деп жазған. Ал Әлкей Марғұлан – анау-мынау доктор, про­фес­сорды менсінбейтін адам. Сол кезде ешқандай ғылым кандидаты бол­ма­са да, Ақселеу Сейдімбектің терең ғылыми пайымдауларының қазақ ғылы­мы­ның «Ге­р­о­­до­тына» айналған үлкен ака­демик Әлкей Марғұланның назарына ілігуі – Ақаң­ның сол кездің өзінде де терең ты­ныс­ты шығар­малар жазғанының белгісі», – деді ол.
Кітаптың бірінші томында жазушының көркем туындылары, очерктері мен ән-күйлері берілген. Екінші томына қазақтың дәстүрлі мәдениеті мен өнеріне, фольклоры мен этнографиясына қатысты әр жылда жазған еңбектері кірген. Үшінші томында «Қазақтың күй өнері» атты монографиялық еңбегі жинақталған. Төртінші томында «Қазақ­тың ауызша тарихы. Шежірелік деректерді пайымдау» атты зерттеу еңбегі топтастырылған. Бесінші томына әр жыл­дары жазылған мақалалары, пікірлері, тұлғалар туралы толғамдары және сұхбат­тары енген. Ал алтыншы томына Ақселеу Сейдімбектің бірыңғай аударма еңбектері кірген.
«Ақселеу Сейдімбектің қазақ халқының рухани байлығына қаншалықты қазына қосқанын кез келген оқырман осы шығар­малардың мазмұнына қарап-ақ аңғара алады. Жинақтың ішінде «Қазақтың ауыз­ша тарихы» дейтін Ақаңның еңбегі бар. Онда қазақ мемлекетінің, қазақ хал­қының ішкі құрылымының қандай екенін, қалай құрылып, қалай өркендегенін және бола­шақта қалай болуы керек екендігін ғылыми тұрғыда талдап, саралап көрсетіп кеткен. Этнологиялық, этнографиялық институт­тардың зерттеп жазатын дүниесін Ақаңның өзі жасап шығарды», – дейді тарихшы Қой­шығара Салғараұлы.
Осы жинақты шығару кезінде редактор­лық қызметті атқарған «Фолиант» баспа­сының жауапты редакторы Қуат Құрман­сейіт: «Алты томдық шығармаларды бас­тан-аяқ оқи отырып, «Ақселеу аға ака­демиясы» деп айтуға тұратын үлкен бір мек­тептен өткендей болдық», – дейді. Оның айтуынша, кеңестік заманда, қызыл империяның қылышынан қан тамған ке­зең­де айтарын айта алмай, жазарын жаза алмай ішқұса болған кезінде Ақаң жазба­ларын күнделігіне түсірген. Ол да жинаққа еніп отыр.
Жинақ «Фолиант» баспасында жеке-жеке емес, тұтастай сатылады, бағасы – 12 мың теңге.

Бекболат ТІЛЕУХАН, Парламент Мәжілісінің депутаты:
– Ақселеу ағаның жершілдігі мен рушылдығы ешкімнің де жүйкесіне тимейтін. Ол кісінің тіліне қарап отырсаңыз, рушыл сияқты, бірақ шын мәнінде ол өте ұлтшыл, қазақшыл болатын. Сөзіне қарасаңыз, жершіл сияқты, бірақ шын мәнінде ол мемлекетшіл болатын. Ал кейбір адамның тіліне қарасаңыз – мемлекетшіл, үңіле кетсеңіз – жершіл, сөзіне қарасаңыз – ұлтшыл, үңіле кетсеңіз, рушыл болып шығады.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста