Ақпарат кеңістігінде – «Ақжайық.kz»

Ақпарат кеңістігі тағы бір басылыммен толықты. Еліміздің батыс аймағының қоғамдық-саяси, әдеби-мәдени өмірін, арғы-бергі шежіресі мен тарихын, руханиятын енді «Ақжайық.kz» журналы ұсынатын болады.
Бұл журналды шығару идеясы қар­жы­лық қиындықтарға байланысты біраз уақыт шешімін таппай келген еді. Аймаққа басшы болып Бақтықожа Ізмұхамбетов келгеннен бері бұл мүмкіндікке қол жеткізіп отырмыз. Қазіргі уақытта бұл жобаны қаржыландыру мәселесі толықтай шешіліп, алғашқы сандарында жарияланар мате­риал­дар іріктелу үстінде», – дейді журнал­дың директор-бас редакторы, белгілі жазушы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Рақым­жан Отарбаев.
Ал «Ақжайық.kz»-тің өзіндік ерек­ше­лік­тері жайында айтқан басылым басшысы журналдың мұқабасы, қатталуы заманауи үлгіде болатынына, тек сапалы дүниелер жарық көретініне тоқталды. Оған қоса журналдың әр данасының ішіне арнайы конверт қойып, оған ай сайын осы батыс аймақтың тарихы, әйгілі адамдары, бүгінгі келбеті жайлы түсірілген деректі фильм­дердің таспасын салу жоспарланып отыр.
Рақымжан ОТАРБАЕВ, «Ақжайық.kz» журналының директор-бас редакторы:
– Біздің әлі күнге қозғалмаған тари­хымыз аз емес. Мысалы, Римде көз жұмған бабамыз Атилла-Еділ жөнінде Батыс Еуропада жүздеген поэма-ода жазыл­ған. Милан қаласындағы кітап­ха­нада көп тарихи деректерге кезіктім. Оны ашып қарайтындай жағдайым, оқитындай сауатым да болмады, әттең деп кеттім. Екінші бір түйткіл, Каирдың ұлттық кітапханасында үш мың беттік Бейбарыстың тарихымен жолықтым. Шір­кін, сол тарихты елге әкелсек, жария­ласақ... Каирдағы Шеркеш сұл­тан­дардың шежіресі – өз алдына бөлек бір қазына. Солардың бәрі біздің тари­хымыз, ата-бабамыз емес пе еді?! Оның бер жағында, Орданың ашылмаған тари­хы қаншама?!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста