"Ақмаңдайлым" Жәмилаға арналған..."

"Ақмаңдайлым" Жәмилаға арналған..."

«Бар қазақты тамсандырған, таңнан таңға ән салдырған» ән падишасы Шәмшi Қалдаяқовтың туған күнi жыл сайын облыс орталығында лайықты деңгейде аталып келедi. Фестиваль, байқаулар ұйымдастырылып, облыс орталығындағы «Шәмшi әлемi» гүлзарында әндерi шырқалуда. Композитордың туған күнi қарсаңында iнiсi Көшербай Қалдаяқовпен сұхбаттасып, Шәмшi туралы шертiлмеген сырларымен бөлiсуiн сұраған едiк.
– Көшербай аға, Сiз ұлы композитордың туған iнiсiсiз, ауыл мектебiн бiтiрiп, Алматыға аттанғаннан кейiн ағаңыздың қамқорлығында болыпсыз. Ендеше, даңқты адаммен туыстығыңыз жайлы естелiктермен бөлiсiңiзшi?
– Әкемiз Қалдаяқ екi әйелiнен 11 перзент сүйген. Оның алтауы – ұл, бесеуi – қыз. Бұрынғы Қарақоңыр, қазiргi Шәмшi ауылында туып-өстiк. Ол кiсi менен бақандай 23 жас үлкен. Мектеп бiтiрiп, 1970 жылы Алматыға барғаннан кейiнгi бүкiл ғұмыры көз алдымда. Жолдас-жора, таныстары, тiптi, жүрек сырына дейiн қанықпын десем артық емес. Жоғары оқуға да әуелi Алла, сосын Шәмшi ағамның арқасында азды-көптi бiлiмiммен түстiм. Жатақханада тұрғаныммен үйiне жиi баратынмын.
– Қандай ерекше қасиеттерi жадыңызда сақталды?
– Көреген кiсi едi. Сол кездегi өкiмет басындағылар Шәкеңе коммунистiк партияны мақтап бiр ән жазуды тапсырады. Жұмекен Нәжiмеденов екеуi бiрiгiп, «Менiң Қазақстанымды» жазып апарғанда өлеңнiң iшiнде партия туралы бiр де сөз жоқ деп қабылдамай жiбередi. Сонда Шәмшi ағам «менiң әнiм халқыма ұнаса болды, партияға ұнамаса қойсын» деп мәтiнiн сол күйi өзгертусiз қалдырыпты. Тiптi, «менiң әнiм болашақта қазақтың әнұраны болады» деген екен. Қазақ жастары 1986 жылдың желтоқсанында алаңға «Менiң Қазақстаным» әнiн айтып шықты. 2006 жылы бiрқатар өзгертулер енгiзiлiп, мемлекеттiк Әнұран болып қабылданды. Айтқаны дәл келдi. Жалпы, Шәмшiмен араласып, дос болған тұлғалардың барлығы да бiртуар талант, шетiнен әулие адамдар едi дерсiз?!
Алматыға алғаш келген жылы Шәмшi ағам екеумiз жоғары оқу орны ғимаратының алдына барсақ үш кiсi шүйiркелесiп әңгiме-дүкен құрып тұр. Олар Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев, Жұмекен Нәжiмеденов сияқты есiмдерiн газеттен ғана оқып жүрген ақын-жазушылар екен. Ағам менi көрсетiп «мынау – Қалдаяқтың баласы Көшербай. Ауылдан оқуға түсiрсiн деп жiберiптi. Ал, ендi сендер барлығың да танымал ақынсыңдар, кiтаптарың том-том болып шығып жатыр. Осы баланы демеп жiберсеңдер, Қалдаяқ ақсақалдың қойын жеп, алғысын алар едiңдер ғой» дедi күлiп. Қалжың үшiн әдейi айтып тұр, әйтпесе оқу мәселесi шешiлiп қойған болатын. Осы кезде Жұмекен ақынның жұлып алғандай: «Қалдаяқтың балалары оқуға түсуiн түседi ғой, бiрақ бiтiруiн айтсаңшы» деген қалжыңына бәрi қарқылдап күлiп алды. Мұнысы оқуға түскенiмен оны аяқтамай тастап кеткен Шәкеңдi қағытқаны ғой...
– Сонымен, оқудың жайы қалай болды?
– Расында, Мәскеудегi жоғары оқу орындарының бiрiне құжат тапсырып, белгiлi себептермен оны аяқтай алмай, Алматыға қайта оралдым. Астанадағы оқу орындарына да түрлi себептермен тұрақтай алмадым. Сөйтiп жүргенде әскерге шақырылып, борышымды өтеп келдiм. Оқуымды қайта жалғастырып, оны бiтiремiн дегенше он жылдан астам уақыт зымырап өте шықты. Сөйтiп жүргенде 1982 жылдың көктемiнде Шәмшi ағам менi шақырып алып: «Осы сен Алматыға келгелi партияның қанша съезi өттi?» дедi. Съезд бес жылда бiр рет өтетiн. «Екi рет» дедiм. «Қазiр онда ғылым кандидаты немесе доцент болатын кезiң келiптi ғой. Кеше көшеде бiр таныс кiсiге жолығып қалдым. «Туысқан iнiмнiң оқып жатқанына бес-алты жыл болып қалды, соның шаруасымен жүрмiн» дедi. «Бiзге қарағанда жақсы екенсiңдер. Менiң де бiр iнiм бар едi, оқығанына он екi жыл болды, әлi бiтiремiз бе, бiтiрмеймiз бе, бiлмеймiз» дедiм. Бұрын сен оқуға келгендегi Жұмекеннiң сөзi есiңде ме? Соны қалай тауып айтты десеңшi, перiштелер расында әумин деген екен» деп басын шайқады. Ал, менi Шәкеңнiң «ғылым кандидаты немесе доцент болатын уақытың келдi» деген сөзi осы күнде қатты таңқалдырады. Расында, бiлiп айтқандай, бүгiнде облыс орталығындағы жоғары оқу орындарының бiрiнде ғылым кандидаты және доцентпiн.
– Композитордың шығармашылық шабытқа берiлген сәттерiне куә болған кезiңiз бар ма?
– Бiрде ас iшiп отырып, дастарқан үстiндегi әңгiмеде жеңгем «естiдiңдер ме, Қорлан Қалиламбекова деген әншi «Хұсни–Қорланды» тамаша шырқайды екен» дедi. Сонда басын шайқап, «Қорланды» менен жақсы айта алмайды» деп күлген. Естайдың «Хұсни–Қорланы» ең жақсы көретiн әнi едi.
Бүгiнде базбiреулер Шәмшiнi үш жүздей ән жазған деп айтады. Мен композитордың алпысқа жуық шығармасы бар деп ойлаймын, бiрақ айтылмаған әнi жоқ. Уақыт қойнауында аршылмай қалып қойған бiрен-саран қазынасы болмаса, барлық әнi жарыққа шығып, елге кеңiнен тарады. Шәмшi сонысымен бақытты! Ол кiсi ән шығарғанда айлап-жылдап емес, күйсандыққа отырып, аз уақытта жазып тастайтын.
– Шәмшi әндерiнiң мәңгiлiкке айналып, халық жүрегiнен орын алуының сыры неде деп ойлайсыз?
– Баласы Мұхтар 1990-91 жылдары «Алматы түнi» деген ән жазып, оны Роза Рымбаева Киев сахнасында орындады. Сол кезде Шәмшi ұлына былай деген едi: «Сен бұдан былай ән жазба. Өйткенi, саған ауылдың иiсi сiңбеген, асфальтта өскен баласың. Тезектiң исiн, иттiң үргенiн, қойдың маңырағанын көрiп өспедiң. Одан да өзiңнiң музыкаңмен айналыс. Бұл алғашқы және соңғы рет ән жазғаның болсын» дедi. Мiне, Шәмшi шығармаларының әр жүректiң төрiнен табылуы – дала табиғатынан нәр алуында! Мұхтардың да ақылдылығы сол, әкесiнiң сол сөзiнен кейiн қайтып ән жазған жоқ. Қазiр Абай атындағы опера және балет театрында дирижер. Әйтпесе музыка саласы бойынша кәсiби бiлiмдi, өте сауатты. Егер ән жазар болса бүгiнгi сазгерлердi он орап алатын қабiлетi бар. Бүгiнде ыңылдағанның бәрi ән болып кеттi емес пе? Тiптi, теледидарда 300 ән жаздым» деп сұхбат беретiндер үшiн көрермен ұялады. Талғам төмендеп, табанға түсiп, арзан әндер осылай көбеюде.
– Әдетте тұлғалар жайлы естелiктерде ақиқат пен аңыз қатар жүредi. Шәмшi аға туралы сыр-хикаялар шындыққа қаншалықты жанасады?
– Тау алыстаған сайын биiктей түседi. Шәмшi туралы шындыққа жанаспайтын әңгiмелер оның асқарын аласарта алмайды. Тiптi, Шәкең туралы қисынға келмейтiн кейбiр оқиғаларды естiгенде немесе газеттерден оқығанда күлерiңдi не жыларыңды бiлмейсiң. «Сыған қызға ғашық болып, солардың тобырына ерiп кетiптi» деген сөз де жалған. Бұл әннiң шығу тарихы мүлде басқа. Болашақ жары Жәмила жеңгемiздi ұнатып, екеуi кездесiп жүредi. Ательеде жұмыс iстейтiн жеңгемнiң шығуын күтiп Панфилов саябағында отырады. Мiне, бiр топ сығандар тобырын сол жерде көрген. Тұрмыс-тiршiлiктерiне, өнерлерiне қызығып, аз-кем әңгiме-дүкен құрған шығар... Арада көп ұзамай «Сыған серенадасы» жарыққа шығады. Бар болғаны осы ғана. Осы ән негiзiнде ақын-драматург Исраил Сапарбай пьеса жазып, ол сахналанды. Оқырмандардың Исраил ағамыздың дүниесi деректi оқиға емес, көркем туынды екенiн түсiнгенiн қалар едiм.
Шәкең сарай жағалап, әлдекiмдерге жағымпазданып ән шығарған жоқ. Еркiн жүрiп-тұрды. Қазақтың әр үйi оған өз үйiндей болды. Тiптi, сол кезде атағы бар кез келген әртiстен артық өмiр сүрдi. Өйткенi, халық оны жақсы көрдi, қошеметтедi. Бұлай болмаса мәңгiлiк туындылар өмiрге келмес едi. Осындай кезеңдерден өтiп, Жәмила жеңгемiз де оның үйiнiң түтiнiн бүгiнге дейiн түтетiп отыр. Шығармашыл жанның әсершiл мiнезiн, серiлiгiн көтерiп, екi баласын «Шәмшiнiң ұлдары» деп жетелеп жүрiп өсiрдi. Қазiр Алматыда тұрады, жасы сексен алтыда.
Шәмшi ағам «Ақмаңдайлым» әнiн Жәмила жеңгеме арнап шығарған. Мұны растайтын айғақ ретiнде сiздерге композитордың қолжазбасын әкеп отырмын (суретте). «Ақмаңдайлымды» бүгiнде Роза Бағлановаға арналған деп шатастыратындар көп. Шындығында әншiнiң даусына арнап жазылғанымен, өзiнiң сүйiктi жарына деген риза көңiл, шынайы сезiмнен туған ән. Шәмшi ағаның отбасы – екi дәуiрдiң патшасының ықыласы түскен шаңырақ. Композитордың өзiн Дiнмұхаммед Қонаев арнайы қабылдаса, жары Жәмиланы да тұңғыш Президентiмiз Нұрсұлтан Назарбаев қабылдап, Мемлекеттiк сыйлық табыстаған. Бiз елiмiзде ерiн бiрiншi патша, жұбайын екiншi патша қабылдаған мұндай отбасы жоқ деп мақтанамыз.
– Композитордың өмiрiнiң соңғы жылдары қалай өттi?
– Соңғы әнi – «Отырардағы той». Негiзi әндерiнiң көбiсiн өткен ғасырдың сексенiншi жылдарына дейiн жазды деп ойлаймын. Әндерi «Лениншiл жасқа» жиi-жиi нотасымен жарияланып жататын. «Ақмаңдайлым» шыққанда жұрттың бәрi соған вальс билеп, кеңiнен шырқалды. Сонда бiр күнi Сәбит Мұқанов «осы әндi неше жасыңда шығардың?» деп сұрапты. Жиырма алты-жиырма жетi жасында шығарғанын бiлiп, «Жарайсың, отызыңда орда бұзбасаң, қырқыңда қамал алмайсың!» деп риза болған екен.
Жоғарыда айтқанымдай, қазақтың даласының қай жерi болса да Шәмшi әнiмен тербелiп тұрды. Ағам көбiне ел iшiнде болғанды қалайтын. Кейде қасына қолқанат етiп менi ертiп алады. Көңiлi шалқыған кездерде «Қалдаяқтың он бiр баласы бар, таланттысы – мен, «деловойы» – Көшербай» деп масаттанып қоюшы едi, жарықтық!
Алпыс жылдығы 1990 жылы қаңтарда Алматыдағы «Қазақконцертте» үш күн қатарынан тойланды. Ол кезде өнер адамдары бүгiнгiдей теледидар арқылы соншалықты танымал емес. Сағат кешкi жетiде басталатын мерейтой концертiне көпшiлiкпен бiрдей келiп, кiремiз. Жиылған нөпiр халық сыртта Шәкеңдi танымай қалып та жатады. Тiптi, «ағай, артық билеттерiңiз бар ма?» деп сұрап жүрген жұртта есеп жоқ. Үш күн бойы концертке ағылған халық толастамады. Сол күндерде Шәмшi ағамның «бұдан артық бақыт бар ма?!» деп толқығаны күнi бүгiнгiдей көз алдымда, ойласам көзiме ерiксiз жас келедi. Расында, Шәмшi бақытын әннен тапқан нағыз талант едi!
– Әсерлi естелiктерiңiзбен бөлiскенiңiз үшiн үлкен рахмет!

Сұхбаттасқан Лаура ТАСТАНБЕК
"Оңтүстік Қазақстан" 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста