Ақерке Тәжібаева бөлесі Қайрат Нұртастың орындауындағы "Алматы түні" әні туралы қызық деректі бөлісті

Ақерке Тәжібаева бөлесі Қайрат Нұртастың орындауындағы "Алматы түні" әні туралы қызық деректі бөлісті

Отандық танымал қобызшы Ақерке Тәжібаеваны көпшілік Қайрат Нұртастың бөлесі ретінде таниды. Алайда өнер иесі хитмен әншінің кей әнін алғаш рет сахнаға алып шыққан өзі екенін айтты, деп жазады NEGE.KZ. 

"Қайрат інім - эстрадалық бағыттағы әнші болса, мен - дәстүрлі өнердің өкілімін. Бірақ неге екенін, кейбір ортада мені "Қайрат Нұртастың бөлесі" деп таныстырып жатады. 2009 жылы "Мәңгілік қобыз сарыны" атты концертімді өткіздім. Сол кезде Самат Рыспанбетовтің авторлығымен домбыра мен қобызды үйлестіріп, "Алматы түні" күйін орындап шықтық. Түпнұсқасы сол Самат замандасымның маған арнайы қылқобызға арнап жазған шығармасы болатын. Сөйтіп, бұл композицияға Гүлзира (Айдарбекова – ред.) әпкем қызығушылық танытып жүрді. Бірде "Сөз жазғызып, Қайратқа орындатсам қалай болады?" деді. Әрине, келісімімді бердім. Сөйтіп, ақын Құрманай Бақтиярқызына сөзін жазғызып, әнді Қайраттың бір концертінде  қобыздың сүйемелдеуімен екеуіміз орындайтын болып келістік. Бірақ, соңында жоспар өзгеріп, өнердегі бауырым туындыны өзге әріптесімен бірлесе, дуэт түрінде шырқап шықты. Осыдан соң ән Алматының әнұранына айналып кете барды. Тек бұл ғана емес, Қайраттың орындауындағы "Астана" атты әннің әуенін де алғаш мен сахнаға алып шыққан едім. Кейіннен Рыспанбетовтің қылқобызға арналған ол туындысына да арнайы сөз жазғызып, орындады", - деді Ақерке Тәжібаева. 

NEGE.KZ. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста