Елді шулатып, Дәурен Айдарқұловқа тұрмысқа шыққан Ақбота Сейтмағамбет өзіне қымбат сыйлық тарту еткен жігіттер жайлы айтып берді. Бұл туралы "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ жазады.
Сұлу әншіге студент кезінде көз қырын салып, сезімін білдірген жігіттер көп болған екен.
"Менде студент кезде махаббат болмапты. Дәурен естімесін. Бірінші курсқа түскенімде үлген группаның жігіттері гүлдерін алып келетін. Кейде есіктің алдына жүрек шамдарды қойып, гитарамен сезімін білдіретін. Үйімнің мекен-жайын қайдан білетінін қайдам? Гүлдері мен қымбат сыйлықтарын тарту етіп жататын", - дейді Ақбота.
Айта кетейік, қоғамда үлкен дау тудырып, үш баласы бар Айдарқұловпен некесін қидырған Ақботаның екінші сәбиіне аяғы ауыр.
Осы жылы заңды некесін қидырған жұлдызды жұптың бүгінде бір баласы бар.
Естеріңізге сала кетейік, Ақбота Сейтмағамбеттің әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.