Ақбота Керімбекова: Ұлым әскерге аттанып, елдегі жағдайды тұрақтандыруға атсалысуда
Ақбота Керімбекова елімізде болған митингтер мен тәртіпсіздіктерге қатысты пікір білдірді. Ол өз ұлының елдегі жағдайды тұрақтандыруға атсалысып жүргенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Әншінің атұстары азаматтық борышын өтеу мақсатында әскерге аттанған.
"Елімнің ертеңі мен үшін де маңызды! Менің де Ұлым азаматтық борышын өтеу үшін әскерге аттанып, елдегі жағдайды тұрақтандыруға атсалысуда!
Қадірлі жерлестер, менде де, Сіздерде де Отан жалғыз! Сол Отанымыздың тыныштығы мен бейбітшілігі - баршамызға ортақ құндылық! Ендеше, кемел келешек үшін күш - жігерімізді аямайық, себебі, күшіміз бірлікте", - деп жазба қалдырды Керімбекова әлеуметтік желідегі парақшасында.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу