Ақан Сатаев: «Біз барынша шынайы болуға тырыстық»
«Районы» фильмі AstanaFilmFund аясында түсірілген алғашқы жоба, оны Астана банкі мен KCJ және Sataifilm компаниялары бірігіп 2015 жылы бекітті.
Картинаның түсірілімі туралы режиссер Ақан Сатаев баяндап берді:
«Біз өзіміздің алдыңғы жобаларымыз секілді толыққанды тарихи фильм түсірдік, бұл жолы да кеңесшілердің көмегіне жүгіндік. Мы сняли полноценный исторический фильм, и как во всех предыдущих своих проектах, я не обошелся без консультантов. Бізде 1987 жылдарда «райондағы» жағдайды көзімен көрген он шақты эксперт жұмыс істеді. Оның үстіне бізде небір деректер, суреттер, газеттердегі материалдар болды. Біз барынша шынайы болуға тырыстық. Кеңесшілер күнде біздің жанымызда, түсірілім алаңында болды. Тобымыздағы актерлерге барлығын келтіруге, тіпті жүріс-тұрытарын, сөйлеу мәнерлерін сол кездегі жастардікіне ұқсатуға тура келді. Оқиға жасөспірімдердікі, сондықтан о баста-ақ рөлдерді жас балалардың ойнайтыны белгілі болды.Біз фильмнің кастингіне бас назар аудардық. өз кейіпкерлерімізді тапқаныма өте қуаныштымын. Жұмыс істеу оңай болған жоқ, өйткені балалардың тәжірибесі жоқ. Оларға бағыт беріп отырдық – олар өте дарынды».
«Районы» көптеген жас дарындар үшін кинодағы дебют болды. Өзінің түсірілімнен алған әсерімен бас кейіпкерді ойнаған Елтерес Нұржанов та бөлісті.
«Мен ешқашан киноға түсіп көрмегенмін. маған өз күшімді сынап көру қызық болды. Біздің кино тілінде баяндаған оқиғамыз жастарға жақсы сабақ болады деп үміттенемін, - деді актер.
Кинода алғашқы дебютін орындаған Марйам Сатаева да Елтереспен келісетінін, фильмнің жас ұрпаққа сабақ болатынын айтты.
«Мен үнемі өзімді актриса ретінде көретінмін, киноға түскім келетін, сахнаға шыққанды қалайтынмын. Мен бұл фильмге басқалар секілді кастингтен өтіп келдім, фотосынақтардан бастап соңына дейін өттім», - дейді актриса.
Картина криминал әлемі жайында болғанымен режиссер қазіргі қоғамда маңызды, дұрыс дүниелерді айтуға тырысатынын жеткізді.
«Сөз жоқ, таңдау Ақан Сатаевқа түсті, өйткені ол қазіргі кезде коммерциялық табысты жалғыз режиссер. Фильмге дебютант актерлер жайдан жай түскен жоқ, өйткені AstanaFilmFund қорының басты мақсаты - жаңа есімдерді ашу, жас актерлер мен режиссерлерге қолдау білдіру. Біздің қорды насихаттау үшін алғашқы фильмді Ақан Сатаев түсірді. қазақстандықтарды әлі де талай жаңа дүниелермен таң қалдырамыз деп үміттенемін. Біздің есігіміз кімге болса да әрдайым ашық», - деді Astana Partners директоры Яна Рубина.