Аңызға айналған қазақ киносының кейіпкерлері қашанғы елеусіз қала бермек?

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Биыл «Менің атым Қожаға» – 50 жыл деген ақпарат тарай бастағалы, ең бірінші, осы тақырыпта ең тұшымды дүние жазған журналист Сәкен Сыбанбай ағамыз болды. Басқасын айтпағанда, тіпті «Қымбатты Милләтжан» деген Қаратайдың бірауыз сөзінің өзі әлі күнге ауыздан түспей келе жатқанынан-ақ осы бір фильмнің қазақ баласының жүрегін де, санасын да тегіс жайлағанын байқауға болады. «Сабаққа кешігіп келетін кім? Қожа. Сөмкеге бақаны салған кім? Тағы да Қожа», болмаса «Жасай берсін, Жұмағұл» секілді сөздер күні кеше естігендей есімізде. Жарықтық Абдолла Қарсақбаев ағамыздың қазаққа тастап кеткен мәңгі өлмес мұрасы қандай мақтауға болсын әбден лайық!
Алайда бүгінде Парламентте жас қазақ­­стандықтарды, олардың денсау­лы­ғына және дамуына зиян келтіретін ақпа­раттардан қорғауды қарастыратын, тыйым қоятын заң жобасы қаралып жатқанда, «Менің атым Қожаны» көрсетуге тыйым салуы мүмкін деген сыбыстар шыға баста­ды. Сондағы киноның «кінәсі» Қожаның, Майқанова апайының сөмкесiне бақа салып жіберуі, Жантасқа рогаткамен сия лақтыруы, көршiсінің ауын ұрлап, сабақ кезінде мектепте емес, көлде балық аулап жүруі, темекі шегуі, тағысын тағылар болса керек. Алайда әзірге осы заңды пысықтай­тын, жұмыс тобына же­тек­шілік ететін ұлт­жанды де­путат Алдан Смайыл осыған қар­сы үдерген қоғамның ашуын басып, «оған жол берілмейді» дегендей қылды. Жә, әңгі­ме ол жайында емес, негізгі айтпа­ғы­мыз, кейіпкерлердің кейінгі тағдыры ту­ралы еді.
Белгісіз жайттар өте көп. Себебі фильм­дегі Қожа – Нұрлан Сегізбаев ағамыздың жал­ғыз өзі ғана көрінгені болмаса, ол туын­дыны дәмдірек ете түскен Сұлтан, Жантас пен Жанарлар жайлы еш жерде айтылып, жазыла бермейді. Олардың өзі көрінбек түгіл...Қожаны сомдаған Нұрлан Сегізбаев ағамыздың өзі соңғы бес-алты жылдың көлемінде журналистер қауымы­ның іздеу салуының арқасында бой көр­сетті деуге болатындай. Шынын айту керек, қазақтың атын дүркіреткен «Менің атым Қожаның» кейіпкерлері соған лайық құрмет көрмеген сыңайлы. Бұған дәлел – басты рөлдегі Нұрлан Сегізбаевтың бертін­ге дейін жатақханада тұрып келуі. Актер ең­бегін бағалап, соған лайық құрмет көр­сетіп, пәтердің кілтін ұстатқан Иманғали Тас­мағамбетов ағамыз болса керек.
Ал енді Абдолла Қарсақбаевтың басқа кейіпкерлеріне келсек, Сұлтан – Марат Көкен­ов медицина инсти­тутында оқып жүр­генде белгісіз жағдайда қаза болса, Жан­тас – Ерлан Құрмашев айдың-күні ама­­нында жоғалып кеткен. Жантас пен Қожа­ның жүрегін жаулап алған Жанар – Гүлнар Құрабаева мүлдем басқа салаға кетсе керек. Жалпы, кейіпкерлердің жеке тағдыры жақсы бола қоймаған сыңайлы. Ары қарай кино саласына кеткен ешбірі жоқ. Олар тіпті содан кейін бір-бірін ізде­меп­ті де. Жанар – Гүлнар Құрабаеваның қа­зақ киносы тарихындағы аңызға айнал­ған осы фильмге басты кейіпкер ретінде түскенін бертінге дейін тіпті жалғыз ұлы да білмей келіпті. Білгенде таңғалған. Бұл ту­ра­лы «Айқын» газетінен іздеп барған әріп­те­сімізге Гүлнар апамыздың өзі: «Ну что, осы­­дан жарты ғасыр бұрын ойнадым. Қа­зір киноға кім түспей жатыр?» десе керек.
Мүмкін, Жанар қыз – Гүлнар Құра­баева­ның бұл сөзі «іздегіш болсаңдар осы­ған дейін қайда қалдыңдар?» деп кейіген­нен, өкпе мен реніштен туған сөзі шығар?! Себебі қазақ киносы, киногерлері, жалпы, Алашқа өкпелі болған кейіпкерлер бір ол емес. Қазақ киносының классика­сына айналған «Көксерекке» түскен Қам­бар Уәлиевті елеусіз қалдырып, ақыры аға­мыз сол құса болған күйі көз жұмды емес пе? Сонда біз соншалық бейқам, бар­лығына тек «ас ішерде...» деп қана қарай­тын халық болғанымыз ба? Немқұрай­дылық түбімізге жетпей тұрғанда, оянсақ етті. Бұл – жалғыз киногерлер ғана емес, жал­пы, баршамыз бас қатырарлық мәселе. Се­бебі қазақ «атаңа не істесең, алдыңа сол келеді» деп текке айтпаған...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста