Әншілер бесік жырын айта бастады

Әншілер бесік жырын айта бастады

Жақында Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында бүлдіршіндерге арналған «Құлыным» аудиодискісі шыққанын естіп, қуанып қалдық. Бұл балаларға арналған бесік жырлары жазылған екінші жинақ. Алғашқы дискі осыдан бес жыл бұрын жарық көрген болатын. Бұл жолы «Құлыным» қайырымдылық жобасы бір адамда екі аудиодискі шығарып отыр.
Бірінші жинаққа қазақстандық эстрада әншілерінің орындауындағы бесік жыр­лары жазылған еді. Енді балақайлар түнгі ұйқы алданда Роза Бағланова, Бибігүл Төлегенова, Мақпал Жүнісова, Батырхан Шүкенов пен Асылбек Еңсепов секілді әнші апа-ағаларының орындауындағы бесік жырларын тыңдайтын болды. Ал тағы бір дискіге Алтын сақа, Айдаһар секілді қазақтың халық ертегілері басылған.
Жапон ғалымдары «бала анасының құрсағында жатқанда әдемі әуен тыңдап, дүниеге келген алғашқы алты айында жып-жылы ана сүтін қылқ-қылқ жұтып жатып, ана жүрегінің дүрсілін естісе ғана дені сау, өмірге құштар азамат болып өседі» дейді. Ал мұны біздің ата-бабамыз баяғыда-ақ дәлелдеп, жаңа туған нәрестені ана сүтіне жарытып, тап-тұйнақтай етіп құндақтап, бесікке бөлеп, әдемі әнмен тербеткен. Өсе келе қазақ баласы ата-әжесінің ертегісін, батырлар жырын тыңдап өсетін болған. Кейінгі жылдары балалар анасының бесік жырын тыңдамақ түгіл, ақ сүтін емуге зар болды емес пе?.. Ал бесік жырының қазіргі заманға сай өңделіп, дискілерге жазылуы қуантарлық жағдай. Бұл да болса, біздің ата-бабаларымыздың ұрпақ тәрбиелеудегі ерекшелігінің қайта жандануына септігін тигізбек.
Жәмилә АЙЫМБЕТОВА, Жобаның ұйымдастырушысы:
– Мұндай жинақты шығарудағы мақсатымыз – сәбилер сана­сына кішкене күнінен ана тілі мен ұлттық мәдениет, салт-дәстүрімізді бесік жыры мен төл ертегілеріміз арқылы дарыту. Осы жоба арқылы жетім балаларға қолдау көр­сеткіміз келеді. Жинақты сатудан түскен қаражат түгелімен Республикалық балалар және сәбилер үйлеріне аударылады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста