Әнші жас қыздарға пәктікті сақтау жолын айтты (видео)

Әнші жас қыздарға пәктікті сақтау жолын айтты (видео)

Анасымен бірге ән айтып, әлеуметтік желі арқылы танылған әнші Гүлмира Ізбасханова жас қыздарға ақыл айтты. Өнер иесі қыздар ар тазалығын сақтап, босағаны пәк боп аттау керектігін алға тартты.

 

Осылай деген әнші 15-16 жасар қыздарды ақылды болуға шақырды, деп хабарлайды Экспресс К.

 

"Шыдамды болу керек" деген Гүлмира Ізбасханова қыздардың болашағына алаңдап отыр. Бұл туралы ойын ол TikTok парақшасында бөлісті.

 

"Қыздар, сіздерге айтар бұйымтайым бар еді. 15-16 жасар қыздардың лаулап тұрған шағы ғой. Түсінемін... Егер сіздер бір затқа қатты ие болсаңыздар, армандарыңызға, мақсаттарыңызға жетесіздер. Бір зат дегенді біліп тұрсыздар. Документ былай айтқанда. Қыздардың ең құнды, бағалы документі. Сондықтан мені тыңдасаңыздар, жаман болмайсыздар. Сіздер ененің, күйеулеріңіздің алдында бағалы боласыздар", — деді ол.

 

instagram.com/gulmira_izbaskhanova01

 

Өнер иесі "өзің әлі күйеуге шықпағансың" деп айтатындарға да жауап берді. "Пешенеме күйеу неше жасымда жазылғанын білмеймін" деген ол өнерлі ұл-қыз дүниеге әкелсем, арманым жоқ деп отыр.

 

"Сондықтан айтамын, қыздар, бір заттарыңызға ие болыңыздар! Ой, мен оған өкінбеймін, жақсы көрген жігітіме "бердім" ғой деп айту қателік. Сонда тұрмысқа шығатын жігітіңе не айтасың? Жақсы көріп едім демейсің ғой. Дұрыс па? Оны да ол кезде жақсы көресің. Сол үшін әр нәрсеге шыдамды болу керек. Әрине, жігіттердің бәріне топырақ шашпаймын. Бірақ бірінші сен ақылды қыз бол. "Жүзік бер, тойымыз болсын" деп айтыңыздар. Сіз өздеріңізге мықты болсаңыздар, жігіттер ондай нәрсе жасамайды... Бәрін ақылға салыңыздар", — деді әнші.

 

 

Айта кетейік, 28 жастағы әнші бұған дейін ақпарат құралдарына берген сұхбатында өзінің пәк қыз екенін айтқан.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста