Әнші Шахизаданың өзінен 18 жас кіші төртінші күйеуі қызғаншақ боп шықты
Осыдан екі күн бұрын ғана көпшілікке өзінен 18 жас кіші төртінші күйеуін таныстырған Шахизаданың сүйіктісі қызғаншақ болып шықты. Әншінің жолдасы қазірден бастап әйелінің ұялы телефонын бақылауға алған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.
Бұл сәтті әнші Шахизаданың өзі ТікТок парақшасында жариялады. Онда дастархан басында ерлі-зайыптылардың досы оларға бақыт тілеп, тілек айтып отырады. Ал Шахизаданың төртінші күйеуі болса, әншінің ұялы телефонын шұқылап, жазылған пікірлерді оқиды. Бұл жасы 60-қа таяп қалған өнер иесіне ұнамай қалған секілді.
Менің телефонымды неге тексеріп отырсың? Олар менің тыңдармандарым ғой. Қызғанып жатырсың ба не?... Әкелші, сенің телефоныңды қарайын. Өңшең жас қыздар жазып жатқан шығар. Қойсай, ұят болады ғой. Мен халықтың қызымын... Ризасың ба?, — дейді Шахизада.
Бұл видео желі қолданушылары жақпай қалса керек, басым көпшілігі әншіні сынның астына алды. Енді бірі ерлі-зайыптыларға бақыт тіледі.
"Ұят жоқ", "Телефон тексергені жүректі айнытып жіберді", "Жыл сайын бір байға тие ме? Балдарынан ұят емес пе?", "Түркияға барып, күйеуге тиіп еді ғой. Бизнес жасап, дүкен ашты. Енді жас жігітке тиіп жатыр ма? Түсінбедім", "Анасымен жасты апаны алған ба?", "Осымен тоқтайтын шығарсыз", "Бақытты болыңыздар", "Ұлымен жасты шығар мынау", "Күлкісін-ай, 18 жасар қыз ұқсап сызылып отыр ғой", "Тағы байға шыққан ба?" деп жазды желі қолданушылары.