Әнші Ердос Қанаев сәбиін перзентханадан думандатып шығарып алды
“Жігіттер” квартетінің әншісі Ердос Қанаевтың үшінші сәбиі өмірге келіп, әнші келіншегі Айдана мен қызы Асылымды бір топ өнерпаздармен бірге перзентханадан шығарып алды.
Бұл туралы топ продюсері Ерғали Әбдірайымов өзінің Инстаграмдағы парақшасында жариялады. Онда “Жігіттер” тобының әншілері және басқа да өнерпаз қыз-жігіттер мен туыс-туған, дос-жарандары қуанышқа ортақтасып, тіпті шағын концерт те ұйымдастырып жіберген.
Перзентхана алдына арнайы оркестр құрылып, музыкалық көңіл-күй де ерекше әзірленіпті.
Ердос Қанаевтың Әбдірахим және Диасыл есімді екі ұлы бар. Әншінің отбасы көптен бері қыз баланы күтіп жүрген болатын.
stan.kz
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу