Әннің бағы әрлеуінде ме?

Әннің бағы әрлеуінде ме?

«Әу демейтін қазақ жоқ» дегендей, елімізде әншілер қатары күннен-күнге артып келеді. Эстрада жұлдыздарының көптігіне қарай олардың орындауындағы әндер де жанры мен сапасы жағынан алуан түрлі. Соңғы кездері ән мен оның орындаушысына тыңдармандар тарапынан «әндердің сапасы төмендеп кетті», «әуендер бір-біріне ұқсап барады» деген тәріздес сыни пікірлерді жиі еститін болдық.

Кейбіреулер «әннің бағын ашатын – әнші» десе, енді бірі, керісінше, «әннің жақсы болып шығуы оның аранжировкасына байланысты» деген көзқараста. Әуезді шығарма дүниеге келуі үшін ұзақ уақытты, шыдамы мен шығармашылығын барынша жұмсайтын ән әрлеушілер бұл еңбегін қымбат бағалайды. Тәжірибесі мол, қалтасы қалың әншілер сапалы ән шығаруға жиған-тергенін сарп етіп жатады. Алайда бұған эстрада жұлдыздарының бәрінің бірдей жағдайы келе бермейтіні белгілі. Сол себепті әншілердің бірқатары барға қанағат етіп, мұның арты сапасы нашар, арзанқол әннің шығуына әкеліп соғады. Жалпы, бізде ән өңдеу қанша тұрады? Бұл жайында ән әрлеумен айналысатын сазгерлер не дейді?

dsc_3381

Бағлан Омаров, композитор:
– Ән өңдеумен айналысып жүргеніме 15 жылдың жүзі болды. Әрине, әндердің бәрінің 100 пайызға сәтті шығуы мүмкін емес. Мәселен, осы уақыт аралығында өте сәтті шыққан әндер бар болса, жолы болмай қалған, халыққа жетпей қалған әндер де соншалықты. Соңғы уақытта жиі айтылып жүрген сыни пікірлер орынды деп есептеймін. Себебі еліміздегі аранжировка жасауға арналған бағдарламалар мен техникалар бірдей болғандықтан, онда жазылған дыбыстар да ұқсас болып келеді. Оларды өзгертіп, жаңа бағдарламаға ауыстыру үшін көп уақыт шығындауға тура келетіні анық. Әр минутын есептеп жүретін әншілер үшін бұл тиімсіз. Сапасы төмен әндердің пайда болатыны да сол себепті. Ал ән өңдеудің құны жайлы айтар болсам, нақты бекітілген бағасы жоқ, орындаушылармен келісе отырып бекітеміз.

02515

Ринат Ғайсин, композитор, музыкалық продюсер:
– Ән әрлеу кәмпиттің қағазы іспетті. Кәмпит ән болса, қағазы «аранжировка», яғни әннің сапасын көрсетіп, ұстап тұратын да – осы. Кез келген тыңдаушы әнді оның кіріспесіне қарап біледі. Әрлеуі сәтті шыққан ән көңілге қонымды болып, есте тез сақталады. Орындаушыны халыққа танытып, әннің жұртшылыққа жол тартуына осы аранжировка көп әсер етеді. Оның құнына тоқталар болсам, қазір республикада аранжировка жасау 500-5000 АҚШ доллары шамасында тұрады. Бұл дұрыс деп есептеймін. Себебі ән өңдеушілер де өзгелер секілді нан жеп, көлігіне жанармай құяды ғой. Өз басым әннің аранжировкасын емес, оның сапасын бағалаймын. Егер өзіме ұнаған талантты, дарынды әншілер кездесіп жатса, әндерін тегін әрлеп беруге  әзірмін.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста