"Әннің авторы екенімді айтпайды": Танымал гитарист Қайрат Нұртасқа ренішін жеткізді

"Әннің авторы екенімді айтпайды": Танымал гитарист Қайрат Нұртасқа ренішін жеткізді

Музыкант Ақсұңқар Қайрат Нұртастың репертуарындағы "Сені сүйем" әнінің шығуына үлес қосқанын айтады. Сөзіне қарағанда, ол әннің қайырмасын шығарған. Алайда Қайрат Нұртас оның есімін көпшіліктің алдында атамайды екен. Хитменге деген ренішін Ақсұңқар НТК арнасының Taboo бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ақсұңқар Instagram-да Қайратпен жиі көзге түседі. Өнер десе ішкен асын жерге қоятын қос музыкант шабыт келсе, уақытқа да қарамайды екен.Сондай кештердің бірінде Қайраттың репертуарындағы хит әндердің бірі "Сені сүйем" дүниеге келген.

"Әннің қайырмасын мен жаздым. Бірақ ол көп жерде айтылмайды. Осы нәрсеге өкпелеп қалдым. Қайрат аға екеуміз отырдық, қасымызда Олжас аға (авт. Ochooou) бар. Осы ән тура осылай шықты. Таксиде Аргоня келе жатқан. Дәл ән шыққанда, Қайрат аға екеуміз әнді айтып, видео түсірдік. Аргоняға "мәтін жаз" деп жіберді. Келгенше екі шумақ, бір қайырманың сөзін жазып тастаған. Соған риза болдым. Келгеннен кейін екеуіне де ұнап қалды", - деді Ақсұңқар.

Айтуынша, Қайрат Нұртас жүрген жерінде әннің авторы ретінде өзін көрсетеді екен. Өнерде сыйласып жүрген ағасы болғандықтан, Ақсұңқар бұған ештеңе дей алмағанын жеткізді. Алайда: 

"Бірақ ең тәтті жерін мен шығардым ғой деген нәрсе ішімде қалып кетті. Айта алмайсың да оны, көңілін қимайсың. Қайрат аға жеке өзіміз отырғанда: "Бұл әнді Ақсұңқар бауырым екеуміз шығардық", - деп айтады. Ал басқа жерлерде "әнін өзім жазғанмын" дейді. Көремін да, мақұл деп ренжімеймін. Өзім жақсы көретін ағам", - дейді Ақсұңқар.  

Stan.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста