Ана тіліміз архаизмге айналып барады

«Аққудың балапаны» дейміз, себебі көгілдірді білмейміз, «аюдың аналығы» дейміз, себебі  «кірекей» деген ұғым үш ұйықтаса түсіне кірмейтіндер арамызда көп. Бұл – мыңнан бір ғана мысал.Әйтпесе, арыға барсақ, арыстанның, барыстың, тіпті түлкінің төлінің қалай аталатынын білмейтін болып шығамыз. Былай қарасаң, оншалықты бүлінген ештеңе де жоқ сияқты, бірақ мәселе сол  «сияқты» ғана секілді көрінгенімен, астарында үлкен қасірет жатыр. Қандай дерсіз? Біз қазақтың қадым замандардан келе жатқан ұлттық ұғымдарын жоғалтып, солайша аң-құс, жануарлардың төлін қалай атауды білмейтін, онымен қоймай, қарыс, сүйем, қадақ, мысқал секілді қазақы өлшем бірлігі, тағы да басқа көптеген атауларды қарабайыр тілмен атай салатын мәңгүрт ұрпаққа айналып бара жатқанымызды байқамай қалыппыз.

Көптен бері көкейінде жүрген осы мәселе төңірегіндегі ойын ортаға салу үшін қазақ мектептеріне талай жылдан бері биология пәнінен оқулық жазып келе жатқан Ырысбай Сәтімбеков ағамыз хабарласты. Ақсақал осы салада сан жылдар еңбек етіп келе жатқандықтан, мәселенің мәнін бүге-шігесіне дейін біледі екен. Сондықтан ұрпақтың ұлттық атаулардан ада болып өсіп келе жатқанына ол кісі оқулық жазу саласындағы олқылықтар кінәлі дейді.
Айналып келгенде, ұлттық мәселенің барлығы да бала тәрбиесіне келіп тіреле береді. Поляк ақыны Станислав Ежи Лен айтпақшы, «тағдыр таразысының қайда қарап ауатыны бесіктің қалай тербелуіне байланысты». Қайсыбір жылдары қыздар арасындағы «Қыз сыны» байқауында қатар тұрған 12 арудың бірде-біреуі «аққудың балапаны» деген сұраққа жауап таба алмаған болатын. Себебі «көгілдір» деген сөзді олардың ешбірі оқымаған, білмейді. Осы секілді аққудың қоразын қазақтың сақар дейтінін, шыны керек, көпшілігіміз білмейміз. Осы тұста Ұлттық энциклопедиямыздың биология саласы бойынша редколлегия мүшесі болып табылатын Ырысбай ағамыз кейінгі кезде тіпті баспасөз беттерінде де жоғарыдағыдай қателіктердің көптеп жіберілетінін тілге тиек етті. Әсіресе баспасөзде «қар барысы» деген атау жиі беріледі дейді, ал ол – орысшадан тікелей аудара салған калька. Негізінен, ол ілбіс болуы керек. Бірақ, өкініштісі, біз өзімізде ондай атаудың барын білмейміз де. Аң-құс, жануар атауларын ұмытуымызға бір себеп сонымен қоса біздің ауылдардың азайып, қалаланып, шаруашылықтан қол үзіп бара жатқанымызда да жатса керек. Ол да өз кезегінде халқымыздың сөз қолданысына әсерін тигізеді. Мәселен, «үзеңгілес досым» деген сөзді бүгінде қолданатындар бар ма? Ауылдарда болмаса, қала қазағы ол сөзді ұмытқалы қашан?.. Тақымы атты, табаны топырақты білмей, туғаннан асфальтта өскен қазақты бұл жерде қалай кінәлайсың? Осы секілді қазақтың қаншама сөзін архаизмге айналдырып, өзіміз өзге тілден аударуға көштік десеңші. Қазір мектеп, жоғары оқу орындарындағы оқулықтар да – аударма, күнделікті теледидарда берілетін орыс, түрік, кәріс сериалдары да – аударма, әйтеуір, аудармасыз сала аз. Осыған қарап, қазақтың тілі аударма тіліне айналып бара ма деген ойға қаласың.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста