"Алтын қалам" жүлдегерлерінің тізімі жарияланды

"Алтын қалам" жүлдегерлерінің тізімі жарияланды

Кеше Алматыда Ықылас атындағы Ұлттық музыкалық аспаптар музейінде «Алтын қалам» әдеби жүлдесінің жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті.
Сонымен, жүлдегерлермен таныс болыңыздар.
«Жылдың ең үздік поэзиясы» – «Жол» өлеңімен Оразбек Сапархан;
«Жылдың ең үздік прозасы» – «Мұңлық» әңгімесімен Сәкен Сыбанбай;
«Жылдың ең үздік драматургиясы» – Ақылбек Шаяхметтің «Завещание Ибрая» шығармасы;
«Жылдың ең үздік балалар шығармасы» – Ботакөз Жалмағанбетова «Киіз үй» туындысымен;
«Қазақ әдебиетіне қосқан елеулі еңбегі үшін» аталымымен ақын Есенғали Раушанов үздiктердiң үздiгi атанды.
Жүлдегерлер adebiportal.kz сайт оқырмандары таңдады. Негізінен, байқауға 137 автордың 364 шығармасы қатысқан болатын. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан жүлдегерлер 10 қыркүйек күні анықталып марапатталады.
Естеріңізге сала кетейік, «Алтын қалам» әдеби жүлдесі алғаш рет 2010 жылы өткізілген болатын. Екінші рет 2011 жылы, міне, үшінші мәрте 2014 жылы ұйымдастырылып отыр.
«Алтын қалам» әдеби жүлдесінің ұйымдастырушылары - Қуат Домбай, Кенже Жұманұлы, Расұл Жұмалы, Досым Сәтпаев, Айдос Сарым сынды азаматтар. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай байқауды ұйымдастырудағы мақсат – әдебиетке, сөз өнеріне деген қабілеті бар дарын иелерін, қазіргі заманның қаламгерлерін анықтау. «Алтын қаламның» басқа байқаулардан айырмашылығы байқауға қатысушылардың шығармалары авторы көрсетілместен adebiportal.kz сайтына жарияланады, ал үздіктерді қарапайым ғаламтор қолданушылар, оқырмандар анықтайды. Бұл байқау болашақ қаламгерлердің шабытын шыңдап, әдебиетке жаңа леп әкелуге мүмкіндік туғызады. Жылдан-жылға осы байқауға қатысуға ниет білдірген авторлардың қатары көбейе түсуде. Айталық алғашқы жылы байқауға 92 шығарма қатысса, биылғы жылы шығармалар саны 300-ден асып отыр. Сондай-ақ осы жолы бір автор үш шығармаға дейін байқауға ұсынуға мүмкіндік алды.
«Алтын қаламның» демеушілері «Казкоммерцбанк», Samsung, «Бәйтерек» компаниялары жүлдегерлерге осы жолы қомақты қаржы бермегенімен, қатысушылардың шығармалары кітап болып жарық көруіне қолдау көрсетпек. Болашақта жүлдегерлерге қаржылай сыйлық жасау да қарастырылып отырған көрінеді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста