"Алтын қалам" жүлдегерлерінің тізімі жарияланды
Бүгін «Алтын қалам– 2014» әдеби жүлдесінің ұйымдастырушылары жүлдегерлердің қысқартылған тізімін жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Жүлдегерлерді adebiportal.kz сайт оқырмандары таңдады. Негізінен байқауға 137 автордың 364 шығармасы қатысқан болатын. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан жүлдегерлер 10 қыркүйек күні анықталып, марапатталады.
Жылдың ең үздік поэзиясы
Қазақ тілі:
1. "Жол" - Оразбек Сапархан
2. "Шетелге сатылған сәбиге" - Нұркен Тоқаев
3. "Күйіну" - Смайыл Ыбрақұлы
4. "Мен қазақпын" - Жахин Құнанбай
5. "Бақыт ол" - Азат Кадырбайұлы
Орыс тілі:
1. "Сон сказка" - Димитрий Дятлов
2. "Ветеранский наказ" - Игорь Василюк
3. "Говорят, что мужчины не плачут" - Курбан Рифкат
Жылдың ең үздік прозасы
Қазақ тілі:
1. "Тайжарыс" - Есболат Айдабосын
2. "Сәскеден кешке дейін" - Дархан Наушабай
3. "Кәрі Жайық пен бала қайықшы" - Алтынай Ғабитқызы
4. "Мұңлық" - Сәкен Сыбанбай
Орыс тілі:
1. "Повесть о любви" - Садыков Шамил
2. "Там, где пройдут кони..." - Иннокентий Алексеев
3. "Любовь и прочие безобразия" - Вера Гаврилко
4. "Отличница плебейка" - Дария Джумагельдинова
5. "Рассказы о нашей жизни" - Алма Алдабергенова
Жылдың ең үздік драматургиясы
Қазақ тілі:
1. "Жындар патшалығында" - Төкен Әлжантегі
2. "Отың өшпесін" - Әскерхан Ақтай
3. "Шырмауык драма" - Мұрат Қолғанат
Орыс тілі:
1. "Завещание Ибрая" - Ақылбек Шаяхмет
2. "Дочь Дракона" - Вера Гаврилко
3. Одноактная пьеса¬-посвящение с прологом и эпилогом "Человек!.." - Айым Исмаилова
Жылдың үздік балалар шығармасы
Қазақ тілі:
1. "Киіз үй" - Ботакөз Қосымбайқызы
2. "Достыққа айналған саяхат" - Мира Сембайқызы
3. "Қошақаным қайда екен" - Шәкен Күмісбайұлы
Орыс тілі:
1. "Амина Туран..." - Зауре Туреханова
2. "Приключение Армана" - Дария Джумагельдинова
3. "Иван и Русалка" - Александр Вайц
4. "Тройка" - Айгуль Тасболат
5. "Мекентайка" - Уалихан Сагинханов
Естеріңізге сала кетейік, «Алтын қалам» әдеби жүлдесі алғаш рет 2010 жылы өткізілген болатын. Екінші рет 2011 жылы, міне үшінші мәрте 2014 жылы ұйымдастырылып отыр.
«Алтын қалам» әдеби жүлдесінің ұйымдастырушылары Қуат Домбай, Кенже Жұманұлы, Расұл Жұмалы, Досым Сәтпаев, Айдос Сарым сынды азаматтар. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай байқауды ұйымдастырудағы мақсат – әдебиетке, сөз өнеріне деген қабілеті бар дарын иелерін, қазіргі заманның қаламгерлерін анықтау. «Алтын қаламның» басқа байқаулардан айырмашылығы байқауға қатысушылардың шығармалары авторы көрсетілместен adebiportal.kz сайтына жаряиланады, ал үздіктерді қарапайым ғаламтор қолданушылар, оқырмандар анықтайды. Бұл байқау болашақ қаламгерледің шабытын шыңдап, әдебиетке жаңа леп әкелуге мүмкіндік туғызады. Жылдан жылға осы байқауға қатысуға ниет білдірген авторлардың қатары көбейе түсуде. Айталық алғашқы жылы байқауға 92 шығарма қатысса, биылғы жылы шығармалар саны 300-ден асып отыр. Сондай-ақ осы жолы бір автор 3 шығармаға дейін байқауға ұсынуға мүмкіндік алды.
«Алтын қаламның» демеушілері «Казкоммерцбанк», «Samsung», «Бәйтерек» компаниялары жүлдегерлерге осы жолы қомақты қаржы бермегенмен, қатысушылардыі шығармаларының кітап болып жарық көруіне қолдау көрсетпек. Болашақта жүлдегерлерге қаржылай сыйлық жасау да қарастырылып отырған көрінеді.
10 қыркүйек күні Алматыдв Ықылас атындағы Ұлттық музыкалық аспаптар музейінде (Зенков 24) жүлдегерлерді марапаттау рәсімі өтеді.