«Алты ұлттың қаны бар». Мақпал Исабекова ұлына қатысты сұрақтарға жауап берді
“Теодор” грек тілінен “Құдайдың сыйы” деп аударылады. Күйеуімнің есімі де грек тілінен алынған.
Жақында тұңғышын көпшілікке таныстырған әнші Мақпал Исабекова оқырмандардың ұлына қатысты қойған сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Отбасылық өмірі туралы көп айта бермейтін Мақпалдың күйеуі де, оның ұлты да көпшілікке қызық. Өнер иесі сондай бірқатар сұрақтарға жауап берді.
“Неге ұлыңыздың есімін Теодор деп қойдыңыз?” деген сауалға әнші: “Тегімен, әкесінің атымен үйлессін деп ұлымыздың есімін күйеуім таңдады. “Теодор” грек тілінен “Құдайдың сыйы” деп аударылады. Күйеуімнің есімі де грек тілінен алынған”, – деп жауап қайырды.
Өнер иесі ұлының ұлтын нақты айтпады және оқырмандардан мұндай сұрақтар қоймауын өтінді.
“Ұлымда алты ұлттың қаны бар. Ол – әлемнің азаматы. Мұндай сұрақтар қоймаңыздаршы. Маған ұнамайды”, – дейді Мақпал.