Алматыда Жантемір Баймұхамедовтің "Егеуқұйрық" атты қысқаметражды көркем фильмінің жабық көрсетілімі болып өтті

Алматыда Жантемір Баймұхамедовтің "Егеуқұйрық" атты қысқаметражды көркем фильмінің жабық көрсетілімі болып өтті

Картина көптеген елдердің кино сарапшыларының ең жоғары бағасына ие болды. Атап айтсақ, фильм әлемдегі ең көне қысқа метражды фестивальдердің бірі болып саналатын Мальтадағы 60-шы Халықаралық Golden Knight қысқаметражды фильмдер фестивалінде Гран-приді жеңіп алған. Ол жерде картина 60-тан астам елдің 320 қатысушысымен жүлде үшін таласты.

Отандық туынды тағы бір танымал кинофорум – Бразилиядағы Sao Paulo International Film Festival-нің үздік фильм үшін берілетін бас жүлдесін жеңіп алған. Ал Ресейде Халықаралық қысқаметражды "Киномышь" кинофестивалінде Гран-примен марапатталды.

"Мен бұл фильмнің идеясын көптен бері ойлап келдім. Мен бұл оқиғаны 4-сыныпта оқып жүрген кезімде естідім. Анам маған "Ленин ауысымы" газетінен оқып берген. Жалпы, бұл қызықты оқиға бір адамның егеуқұйрықпен достығы туралы. Олардың қарым - қатынасы туралы", - дейді картина режиссері.

Сонымен қатар туындыны Макаодағы Халықаралық қысқаметражды фильмдер фестивалінің қазылар алқасы да үздік көркем фильм деп атады. Шотландияның Глазго кинофестивалінде "Егеуқұйрық" жеңімпаздар үштігіне енсе, Еуропалық Future of Film Awards платформасы картинаны құрметпен атап өтті.

"Егеуқұйрық" фильмі ерекше достықтың таңғажайып оқиғасын баяндайды. Басты рөлді - бостандықтағы өмірден өз орнын табуға тырысқан бұрынғы тұтқын-музыкант Сәкен Молдахметов тамаша орындап шықты.

"Жантик мені фильмге, басты рөлге шақырған кезде, мен қатты таң қалдым. Мен кәсіби актер емеспін. Мен ешқашан кинода ойнаған емеспін, маған қызықты болды. Жантикке ризамын. Актер болуға ұмтылмаған адам кенеттен Глазгода ең жақсы рөл үшін сыйлық алады. Бұл өте күшті сезім", - дейді басты рөлді орындаушы Сәкен Молдахметов.

Режиссер Жантемір Баймұхамедов, Қазақстанда Жантик деген атпен танымал- еліміздегі ең атақты шоумендердің бірі. Дарынды музыкант және тележүргізуші, бұл картина оның кино саласына алғашқы рет келуі емес. Оның "Шу-чу" атты дебюттік фильмі 2010 жылы Мексика кинофестивалінде жүлдеге ие болған.

"Егеуқұйрық" қысқа метражды фильмін ілгерілетумен продюсер Диана Әшімова және А team компаниясы айналысады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста