Алматыда демалыс күндері әртістер мен блогерлер қатысқан екі той өтті. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қазақстандық жұлдыздардың видеосын тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
 
Демалыс күндері желі қолданушылары Instagram-да Stories-тен екі үлкен іс-шараны тамашалады. Солардың бірін super.mamasita атымен танымал блогер Әлия Байтұғаева өткізді. Кадрлардан туған күн мерекесіне басқа да қазақстандық блогерлер, актрисалар мен әншілер келгенін көруге болады.
 
 
 
Екінші іс-шараны, видеоларға қарағанда, "МузАРТ" солисі Кенжебек Жанәбілов ұйымдастырған. Кадрлардан қазақстандық шоу-бизнестің басқа да өкілдерін көруге болады. Мысалы, Мақпал Жүнісова, Сәкен Майғазиев. Іс-шараға қазақстандық палуан әрі мәслихат депутаты Бейбіт Ыстыбаев та барған.
 
 
Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өкілдері видеолар зерттеліп жатқанын хабарлады.
 
"Сіздердің сұрауыңызға бұл видеолар іс-шара өткізілген орын мен уақытты анықтай отырып зерттеліп жатқанын хабарлаймыз. Тексеру қорытындысы бойынша заңда белгіленген тәртіппен шаралар қабылданады", - деді ведомство баспасөз қызметіндегілер.