Ақтөбедегі жағдай адамның миына қонымды деп ойлаймын. Қайтыс болған аурухананың бас дәрігерін тік тұрып ақтық сапарға шығарып салыпты, әріптестері. Иманды болсын.
Ал, Шымкенттегі бүгінгі флешмоб дей ме, қалай деп атасақ та, ұят болды!
Дәрігерлерді қорлау деп түсіндім, өз басым. Бәрін қаз-қатар тізіп, балаға ұқсатып тұрғызып қойыпты... Құрметтің... кешіріңіз мазақтың өзге түрін таппай қалған ба? Шедевр жасадық деп иланса керек өздері, осыны ұйымдастырғандар. Сөзің шығын. Неужели осындай жасандылықтан шаршамайды? Онсыз да күлкі болдық емес пе, төрткүл дүниеге!
Қаралы күнде тып-тыныш отырайын-ақ дейсің. Алдымнан кесе-көлденең шыға берді, мазаққа толы бір картина
Біз қашан адам боламыз?!
Әлия Құдайбергенова:"Онсыз да күлкі болдық емес пе, төрткүл дүниеге!"
Последние статьи автора