Жуырда желіде Әли Оқапов үйленеді деген ақпарат тарап кетті. Бұл қауесеттің рас-өтірігін әншінің өзі ашып айтпағанымен, оның "Асыл" тобының әншісі Ақерке Бүркітбаймен түскен той суреттері көп нәрсені аңғартып тұрғандай.
Бұл суреттерді NUR.KZ порталына сенімді дереккөз жолдаған. Одан Әли Оқапов пен Ақерке Бүркітбайды көруге болады. Дегенмен, неке қиылды ма, жоқ па - әлі белгісіз.Жуырда Әли баспаналы болып, шаңырақ көтеретіні туралы айтқан болатын.
Отандық шоу бизнестегі ең әдемі әншілердің бірі Ақерке Бүркітбай енді әйгілі Роза Рымбаеваға келін болуы әбден мүмкін.