Жамбыл облысының тарихында алғаш рет аудандық тарихи-өлкетану мұражайы ашылып отыр. Байзақ ауданында орын алған тарихи маңызы бар шараға облыс жұртшылығы қуануда.
Ең бастысы, мұражай экспонаттарынан бөлек мұнда аудан тарихынан сыр шертетін жәдігерлер қойылған. Аты айтып тұрғандай аудан батыр бабамыз Байзақтың атында. Сондықтан да батыр баба жайлы толық мағлұмат алуға болады. Сондай-ақ аудан атақты азаматтарымен да мақтана алады. Осы өңірден шыққан 24 Социалистік Еңбек Ерлері туралы да қосымша стендтер қойылған.
Әбутәліп ҚОШБАЕВ, «Тарихи-өлкетану» мұражайы» ММК директоры:
– Мұражай қойылымдарының арасында Байзақ ауданының аумағында жүргізілген қазбалар барысында табылған қолдан жасалған құнды жәдігерлер қойылып отыр. Олардың арасында қолдан жасалған диірмен, тағы да басқа ескі бұйымдар бар.
Сондай-ақ тарихи экспонаттардан басқа мұражай ішінде аймақтың тарихы баяндалатын бай фотоматериалдар жинақталған. Алдағы уақытта мұражай жеке ғимаратқа көшіріледі. Жаңа ғимаратты жөндеуден өткізу үшін жергілікті бюджеттен бес миллион теңге бөлініп отыр. Мұражай қызметкерлері алдағы уақытта тағы да жаңа жәдігерлермен толыға түседі деп отыр.
Алғашқы аудандық мұражай ашылды
Последние статьи автора