«Алексей Цоймен сөйлестім». Ыдыс жуып жүрген Қызылорда аруы министрдің нендей уәде бергенін айтты

«Алексей Цоймен сөйлестім». Ыдыс жуып жүрген Қызылорда аруы министрдің нендей уәде бергенін айтты

Бірнеше апта бұрын әлеуметтік желіде кезінде Қызылорда аруы атанған Гүлнұр Нұртазаның дәмханалардың бірінде ыдыс жуып жүрген видеосы тарады. Тіпті, Гүлнұрдың хикаясын ресейлік арналар көрсетті деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz

 

Бір күнде танымал болған ару ыдысты «жетіскенінен» жуып жүрмегенін айтты. Одан тапқан ақшасын сырттай оқуына төлейді, өзінің денсаулығына, жолына және тамағына жеткізеді.

 

2 наурызда Гүлнұр Нұртаза Денсаулық сақтау министрі Алексей Цоймен сөйлескенін хабарлады.

 

«Министрдің кеңесшісі менің нөміріме хабарласып, телефон тұтқасын Алексей Цойға берді. Министр менің ем-домым жеке бақылауда болатынын айтты. Қажет болған жағдайда ота жасаймыз деді», - деп, сүйіншісімен бөлісті Гүлнұр Нұртаза.

 

Қызылордалық арудың айтуынша, оған сұрақтар туындаған жағдайда тікелей хабарласу үшін министр көмекшісінің жеке нөмірі берілген.

 

Гүлнұр 15 жасында жүрек талмасынан көз жұмған әкесінен айырылған. Ал, анасы былтыр қыркүйегінде коронавирустан көз жұмған. Гүлнұрға жүрек ауруы әкесінен генетикалық түрде берілген. Ол басы айналып, мұрны жиі қанайтынын айтқан.

 

«Білесіз бе, маған көмектесіп жатқан, жылы сөзін аямайтын үлкен апалар, ағайлар, әпкелер көп. Тіпті, бір апа «балапаным, сен жалғыз емессің, маған келіп, қызым болшы» деп күнде хабарласып, жағдайымды сұрайды. Жасырын қалуды жөн санайтын бір кісі Алматыдағы клиникаға жатқызып, денсаулығымды түзеуіме көп көмегін тигізді. Менде қаназдық ауруы да бар. Жүрегімді емдету қажет. Қазір әртүрлі дәрі-дәрмек пен дәрумен қабылдап, өңім кіріп қалды. Барлық жанашыр жандарға алғысым шексіз», - дейді.

 

«АРАМ ЖОЛМЕН АҚША ТАППАЙМЫН»

 

Гүлнұрдың айтуынша, ол Алматыда құрбыларымен бірге пәтер жалдап тұрып жатыр. «Қанша таршылық көрсем де, арам жолмен ақша табуды ұсынған жандарға көне салатын жайым жоқ» дейді.

 

«Жұмысқа енді орналасамын. Мен туралы кейбір БАҚ шындыққа нанымсыз ақпарат жазып жатыр. Оларға сенбеңіз. Мысалы, «Нұр-Сұлтанға визажист болып жұмыс істеуге шақырылды, түбегейлі көшіп келу ұсынылды» деген жалған ақпараттар тарады. Сондай-ақ айтатыным, әлеуметтік желіде жазатындардың 80 пайызы «Танысайық, кездесейік. Маған тұрмысқа шық» деп жазады», - деді Гүлнұр.

 

БЕЛГІЛІ ШЕНЕУНІК «ТОҚАЛ» БОЛУДЫ ҰСЫНҒАН

 

Гүлнұрдың сұлулығына қызығып, оған «ашынасы», «тоқалы» болуды ұсынған шенділер де бар екен.

 

«Маған бір әйел кісі хабарласып, «кішкентай қыз емессің ғой, түсініп отырсың. Ақша жағын уайымдама. Сенде бәрі болады. Тек сол бір кісіге «содержанка» болсайшы деп көндіруге тырысты. Мен ол кісіге «қалай ұялмайсыз» деп, ойымның бәрін ашық айтып, бетін қайтарып тастадым. Бұл жерде ақша ұсынып, мені «содержанкаға» айналдырмақшы болған – белгілі шенеунік. Мен ол кісінің аты-жөнін айта алмаймын. Халықтан ұят болар», - деді Гүлнұр.

 

Қызылордалық ару өзіне қол ұшын созған жомарт жандарға алғысын айтты.

 

«Мен тек адал жолмен ақша табуға ниеттімін. Денсаулығыма жанашырлық танытып, қол ұшын созған жандарға, соның қатарында министрге алғысым шексіз», - деп түйіндеді сөзін Гүлнұр.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста