Елімізге белгілі "Алашұлы" тобының тағы бір әншісі өнер әлемінде жеке шығармашалықпен айналыспақшы. Әзімбек Байлиннің топтан кеткені туралы "Алашұлының" Instagram парақшасында ресми түрде жарияланды деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Тобымызда көп жылдар бойы, өнер жолындағы сапарымызда жолдас болып келген бауырымыз, әнші, актер Әзімбек Байлин ресми түрде жеке шығармашылыққа кеткенін хабарлаймыз!
Әзімбектің алдағы шығармашылығына толағай табыстар тілей отыра, "Алашұлы" тобы өзінің құрылған сәттен бергі алға қойған мақсатына қарай шығармашылық жолын тоқтатпайды дегіміз келеді.
Шығармашылығымыз әрі қарай жалғасады. Сіздердей жанашыр жанкүйерлеріміз барда, алар асуларымыз көп! Жағымды жаңалықтармен жолыққанша", - деп жазылды топтың парақшасында.
Алайда, Әзімбек Байлиннің өзі аталмыш жаңалыққа қатысты пікір білдірмеген. Оның желідегі жеке парақшасынан өз орындауындағы әндерді жарыққа шығарып, клип түсірумен айналысып кеткенін байқауға болады.
Айта кетейік, 2017 жылдың наурызында "Алашұлы" тобынан Ұшқын Жамалбек те кеткен болатын. Әнші әрі композитор бүгінгі таңда өзінің жеке шығармашылығын қалыптастырып үлгерген.