«Алашорда» ғимараты жоқ музейге тапсырылды

«Алашорда» ғимараты жоқ музейге тапсырылды

«Қазақ жұртының өткен күндеріне көз салғанда, оқыған азаматтарының артынан ерген күндері аз да болса мағыналырақ, тәуір күндерінің бірі болып саналады». Бұл заңғар жазушымыз Мұхтар Әуезовтің Алаш қайраткерлері туралы осыдан 85 жыл бұрын айтқан сөзі болса керек. Кеше Алматы қаласы тарихының музейінде Алаш ардақтыларын еске алу және Халықаралық музей күніне орай «Алашорда» деректі фильмінің тұсаукесері және фильмдегі шығармашылық деректерді музейге сыйлау рәсімі өтті. Осы орайда айта кетерлігі, мыңжылдық тарихы бар Алматы секілді қаланың тарихынан сыр шертетін осы музейдің құрылғанына оншақты жыл болса да, әлі күнге жеке ғимараты жоқ. Соған қарамастан, осынау құнды дүниені сақтауды өз міндеттеріне алып отыр.
Осыдан 90 жыл бұрын Алаштың оқыған, ұлтжанды қайраткерлері іргетасын қалаған Орта Азия кеңістігіндегі тұңғыш саяси партия – «Алаштың» тарихи маңызын толық бағамдауды әлі күнге дейін іс жүзіне асыра алмай келе жатқанымыз ақиқат. Осы жолда көп еңбек етіп, Алаш ақтаңдақтары жайлы зерттеген Кеңес Нұрпейісов, Мәмбет Қойгелді ағаларымыздың жөні бір бөлек те, олар жайлы құнды деректерді көз алдымызға әкелу үшін «Алаш жайлы сөз» және «Алашорда» секілді деректі фильмдер жасаған режиссер Қалила Омаровтың да сіңірген еңбегі аз емес. Алаш қайраткерлерінің көзі тірі ұрпақтары: Гүлнар Міржақыпқызы, Шолпан Аман­жолова, Қызғалдақ Жұбанова т.б. қатыс­қан осы шара барысында режиссер өзінің «Нәубет» және «Алашорда» атты фильмдерімен қатар, осы соңғы жасалған фильмінде тарихшы Қамбар Атабаевпен бірге тапқан тың деректерді музей қорына тапсырды. Тың деректердің қатарында ең басты атап айтарлығы – Орынбордағы Ахмет Байтұрсынұлы тұрған және «Қазақ» газетін шығарған үйлердің суреттері. Бір кездері Алаш жұртының астанасы болған Орынбордағы Ахаңның ізі қалған ол үй бүгінде Ресейдің қоластында. Оның тек суреттерін ғана табыс етіп отырғанына қынжылған режиссер Қалила Омаров Алаш тарихы үшін маңызы зор әлгі үйді түбегейлі сатып алуға басшылық қимыл жасаса екен деген ұсыныс, тілек айтты. Қазір тұрғын үйге айналған сегіз пәтерлік үйді шамамен 400 мың долларға сатып алуға болады екен. Егер де оған қол жеткізсек, аса құнды тарихты қайта тірілтеріміз хақ.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста