«Алашорда» фильмi адамша сөйледi...

«Алашорда» фильмi адамша сөйледi...

Осыдан бiрер күн бұрын Алматы жұртшылығы көпшiлiк көптен күткен келелi дүние – «Алашорда» деректi фильмiн көрiп, көзайым болды. Өткен жылдың қыркүйегi мен биылғы ақпан аралығында Алаш арыстарының iзi қалған Орынбор, Петербург, Семей және Алматы қалаларында түсiрiлген аталмыш фильмнiң деректi кино саласындағы үлкен жетiстiк екендiгiн айтқан абзал...
Алаш арыстары тарих сахнасына қандай жағдайда көтерiлдi? Фильм сценариiнiң авторы Болат Мүрсәлiм айтпақшы, «Қазақ жұртын оятумен, бостандыққа деген нәзiк үмiтпен, цензурамен, бүргеге таланған түрмемен, окоп қазған жiгiттерге капустаны қалай жеуге болатынын үйретумен, өмiр мен өлiмнiң ортасында жүрiп... Қазақ зиялылары нендей мақсатты көкседi? Қандай нәтижеге қол жеткiздi» дегенде, фильмге зер сала отырып, бiздiң түйгенiмiз мынау...
Сырым Датұлы ұйытқы болған алғашқы бас көтеру мен Кенесарының соңғы жеңiлiсiне дейiнгi аралықта  қазақ жерiнде орын алған 300-ден астам ұлт-азаттық көтерiлiстерi орыс переселендерiнiң ағылып келiп, қазақтың ең шұрайлы жерлерiне қоныстануын тоқтата алған жоқ. Қанша жерден наразылық бiлдiргенiмен, не әскерi, не қару-жарағы, не қаржысы жоқ қараша халықтың интеллектуалдық күштен басқа, орыс отарлауына қарсы қоятын ештеңесi болмады. Осындай жағдайда саяси күрес аренасына Алаш арыстары шықты. Сонау 1905 жылдың өзiнде Ресей билiгiне петиция жолдап, қазақ мүддесiн қорғайтын батыл талаптар қойған ұлт зиялылары алған бағыттарынан ешқашан тайған жоқ. Өз талаптарын Мемлекеттiк Дума мiнбесiнен де ашық айта бiлдi. 1913 жылдан бастап, Орынборда «Қазақ» газетiн шығарған олар, аталмыш басылым арқылы ұлтты саяси күреске оятуға барынша күш салды. Нәтижесiнде Алаш автономиясы дүниеге келдi, Алашорда өкiметi қазақ билiгiн тұтастай өз қолына алды, сөйтiп, қазақ жерiнiң бүгiнгi шекарасын анықтау және бекiту iсiне ұлан-ғайыр еңбек сiңiрдi. Екi жыл, үш ай билiк құрған Алашорданың Кеңес өкiметi тұсында ең ұзақ өмiр сүрген ұлттық автономия болғандығының өзi – оның айқын мақсат-мұраты, бағыт-бағдары болғандығының дәлелi...
Алаш автономиясын құру процесiндегi белгiлi бiр мәселелерге қатысты қайсы қайраткер алға шықты, фильмде сол көрiнедi. Бiр жерiнде – Әлiмхан Ермеков, бiр жерiнде – Ахмет Байтұрсынов, келесi бiр кадрлерде – Халел мен Жаһанша Досмұхамедовтер. Ал фильмнiң жалпы өзегi – Алаш қозғалысының негiзгi көсемi ретiнде Әлихан Бөкейханов тағдырына құрылған. «Қазақ» газетiн шығарушылардың және белсендi авторлардың бiрi – Жүсiпбек Аймауытов туралы мүлде айтылмайды. Әрине, бас-аяғы 52 минуттық фильмде Алаш қайраткерлерiнiң бәрiн түгелдей тiзiп шығу мүмкiн де емес. Дегенмен бiзге «негiзгi-негiзгi тұлғаларды бөлiп алып, әрқайсысының Алашорда өкiметiн құру мен ұлт мүддесiн қорғаудағы нақты еңбегiне тең дәрежеде тоқталса, қайтер едi?» деген ой келдi. Әсiлi, Алашорда тақырыбы – тұтас бiр сериалға арқау боларлық дүние. Мейлi көркем, мейлi деректi фильм тұрғысында болса да, бұл мәселеге қалайда қайта оралған жөн. 
Фильмде Алашорданың Ленинмен, Сталинмен келiссөз жүргiзуге Мәскеуге Халел мен Жаһанша Досмұхамедовтердi жiберетiнi, артынша большевиктердiң Алаш автономиясының орталығы – Семейге телефон арқылы байланысқа шығатыны айтылады. Одан 1919 жылы Ә.Жангелдин Мәскеуде А.Байтұрсыновты Ленинмен кездестiредi... Осы деректердiң бәрi ауызекi айтылатындықтан, аңыз сияқты болып көрiнедi. Былай қарасаң, маңызды жайт. Тек соның нақты бiр протоколдық үлгiсiн, немесе басқаша бiр деректiк құжаттарын iздестiрiп тауып, фильмге кiргiзгенде, тiптi жақсы болар едi.
Фильм басталған сәтте Гүлнар Мiржақыпқызы әлдебiр үлкен жиынға басқа балалармен бiрге, өзiн де Ахмет Байтұрсыновтың алып барғанын, сондағы көргендерiн естелiк қып айтады. Тағы бiр жерiнде  Әлихан Бөкейхановты әкесiнiң күтiп алып, үйiне әкелгенiн, үлкендердiң түнiмен әңгiмелескенiн сөз етедi. Осы орайда, «қай жиынды айтып отыр?», болмаса «Әлихан Бөкейхановтың қайдан келген сәтi? Бұл тақырыпқа мұның не қатысы бар?» деген сияқты сұрақтар туындайды. Сөйтсек, әуелгi жиын – 1925 жылғы 5-сәуiрде, ҚазАССР-iнiң 5 жылдығына байланысты өткен той екен де, Гүлнар апайдың кейiнгi айтып отырғаны – Әлихан Бөкейхановтың Мәскеуде мырзақамауда төрт жыл отырып келген кезi екен. Режиссер Қалила Омаров: «Мен мұның бәрiн фильмнiң басында, хронология арқылы көрсеткем» деген уәж айтты. Әйтсе де, осы нәрсенi апайдың естелiгi берiлген тұста, жүгiртпе жолмен болса да нақтылай кетсе, қалай болар едi?..
Гүлнар Мiржақыпқызы – сол кезеңдi көзiмен көрген Алаш қайраткерлерi ұрпақтарының бүгiнгi жалғыз өкiлi. Сол себептен де болар, шығармашылық топтың ол кiсiнi қалайда болсын, әйтеуiр сөйлетiп қалуға тырысқандығы байқалады. Бұл – әрине, құптарлық жайт.
Әйтсе де, ол кiсiнi неғұрлым тақырыпқа сай әңгiмеге тартқанда, естелiктiң салмағы да арта түсер едi...

P.S.
Ең бастысы, Алаш қайраткерлерiнiң тарихи еңбегiн көрсету тұрғысынан алғанда, аталмыш фильмнiң танымдық-тағылымдық маңызы зор. Мағыналы мәтiндi өзiндiк мақаммен мәнерлi жеткiзе бiлген сценарий авторы Болат Мүрсәлiм мен әрбiр детальдi деректi кино тiлiмен кәсiби түрде ашып көрсете алған режиссер Қалила Омаров бұл ретте, көрерменге өте құнды дүние ұсынып отыр. Ал жазықсыз құрбан болған есiл ер – Қапез Байғабыловтың Рамазан Стамғазиевтiң орындауындағы «Қапездiң қоштасуы» атты әнi «Алашорда» фильмiнiң лейтмотивiне айналған деуге болады. Фильмдi тамашалау барысында көз жасына ерiк берген көрермен көп. Бұл – «деректi фильмдi бiз де адами тiлде сөйлете алады екенбiз» деген сөз...   

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста