Алаш жұрты Жәнібекті еске алды

Алаш жұрты Жәнібекті еске алды

Алаштың асқақ рухты перзенті, аққуға әнін қосқан жезтаңдай әнші Жәнібек Кәрменовтің 60 жылдық мерейтойына қатысты іс-шаралар жыл бойына жалғасын тауып жатыр. Оған еліміздің Мәдениет және ақпарат министрлігі де айтарлықтай көңіл бөліп, Астана, Алматы, Семей қалаларының әкімдіктеріне әншінің шығармашылық еске алу кештерін, Семей қаласында Жәнібек Кәрменов атындағы дәстүрлі орындаушылардың байқауын тұрақты түрде өткізіп тұру туралы шешім шығарды. Сондай-ақ 23 сәуір күні Ғалымдар үйінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының мұрындық болуымен Жәнібек Кәрменовті еске алу кеші өтті.
«Өмірден өтер шағында қатты бір күйзеліске түсіп, түсініксіз жағдайда жүрді. Көп күрсінетін болып алды. Онысын біз баласын үйлендірудің қамы, қиындығына балап, аса мән бермей жүрдік. Дегенмен Бибігүл апамыз байқап, «тәйт әрі, жап-жас болып, күрсінгені несі?!» деп тыйып тастағаны бар-ды. Содан соңғы көргенімде ол Сарқант жаққа кетіп бара жатыр екен. «Жайыққа жалғыз аттанғаның қалай?» – деп әзілдеп ем... Сөйтсем, сол екеуміздің ақтық рет көрісуіміз екен ғой...» деген естелігімен сөз бастаған, Жәнібектің өмір­де де, өнерде де үзеңгілес досы болған белгілі театр сыншысы Әшірбек Сығай әрі қарай кешті жүргізу тізгінін өз қолына алды. Содан кейін сахнаға Қайрат Байбосынов, Тұрсынғазы Рахимов сынды дәстүрлі әннің дүлдүлдері, Жәнібек Кәрменовтің көзін көрген достары, заман­дастары мен Әділет Мұса, Сәуле Жан­пейісова, Рамазан Стамғазиев, Дүй­сенбек Өмірәлиев, Ардақ Исатаева, Ерлан Рысқали секілді шәкірт­тері шығып, кезекпен-кезек ән шырқап, естеліктер айтты.
– Біз Жәнібек ағамыздың әрбір дәрісін асыға күтіп, домбыра шертісіне, ән айтқандағы бет-қимылына дейін қалт жібермеуге тырысатынбыз, – деп бас­тады өз естелігін Жәнібек Кәрменов шәкірттерінің бірі, белгілі әнші Рамазан Стамғазиев, – Бір күні ұстазымыз аудито­рияға қабағы қатуланып, бір түрлі күйде кірді. Қолтығындағы папкасын бір ашып, бір жауып, байыз тауып отыра алмады. Бәріміз оның қас-қабағына қарап, үнде­мей қалыппыз. Содан бір кезде: «Балалар, мынаны жазып алыңдаршы», – деді де, домбыраны алып төгілте жөнелді. Сол әнді Жәнібек Кәрменов қайтыс болған соң бес жылдан кейін тауып алып, содан бері орындап жүрмін.
Осылай деген Рамазан Стамғазиев Жәнібек Кәрменовтің «Ағалар» әнін шыр­қап, жұртшылықтың көзіне жас үйірді. Сондай-ақ осы кешке қатысу үшін сонау Семейден ат арылтып келген дәстүрлі әнші Тұрсынғазы Рахимов Жәнібек қайтыс болғанда арнайы шығарған (сөзі – Несіп­бек Айтұлы) «Ақбөкен» және «Әнің қай­да, Жәнібек?» әндерін орындағанда, тебірен­беген жан қалған жоқ.
Кеш барысында Жәнібек Кәрменов жайлы фильм көрсетілумен қатар, осы күні күндіз Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында Жәнібек Кәрменовтің құрметіне жас әншілер арасында өткен байқаудың жеңімпаздары марапатталды. Оларға ақшалай сыйақы­мен қатар, Жәнібек Кәрменовтің үнтаспа­сын берді. «Алаштан ән оздырған» деген атпен 2000 жылы жарық көрген әншінің жалғыз ән жинағын осы мерейтой қар­саңында көбейтіп шығаруға ұйытқы бол­ған – «Алаш айнасы» газетінің бас ре­дак­торы, Жәнібек Кәрменовтің рухани інісі Серік Жанболат. Ал жалпы осы еске алу кешін ұйымдастырған Ғалымдар үйінің директоры, қазақ өнерінің жана­шы­ры Ғайникен Бибатырова мен Құр­манғазы атындағы Қазақ ұлттық кон­сер­ва­ториясының ұжымына Жәнібек Кәр­ме­­новтің аяулы жары Тұрар Байкен­қы­­зы мен ұл-қыздары ерекше алғыс біл­дірді. Жезтаңдай әнші Жәнібек Кәр­меновтің домбырасы иесіз қалмағанын білдіріп, кенже ұлы Шаһкәрім Абайдың «Өлсем, орным қара жер, сыз болмай ма?» деген әніне салды. Еске алу кешінің әсерлі болғаны соншалық, екі сағаттың қалайша өтіп кеткенін жұртшылық тіптен байқамай да қалды. Алашы ардақты ұлын сағынып қалыпты...

Өмірдерек
Жәнібек Кәрменов 1949 жылы Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының Қарауыл ауылында дүниеге келген.
Әнші, жазушы, ҚазақКСР-інің еңбек сіңірген әртісі.
Алғашында Алматы эстрада-цирк өнері студиясының әншілік бөлімін, одан кейін Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.
«Өнер» баспасында – редактор, Алматы мемлекеттік консерваториясында халық әндері кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. Қазақ радиосы мен телевизиясында дәстүрлі ән жайлы хабарлар жүргізді.
«Ақылбайдың әні», «Ғашықтың тілі», «Махаббат әні» атты кітаптардың авторы.
1996 жылы туған жері ШҚО Абай ауданы Қарауыл ауылындағы музыка мекте­біне Жәнібек Кәрменовтің аты берілді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста