АЛАШ СӨЗІ

АЛАШ СӨЗІ

Арамызда кітап оқуды сүймейтіндер бар
Ілияс Омаров (1912 – 1970)

«Адамның білімділігі мен мәде­ниеттілігі оның әртүрлі ілімнің қайнар көзі – кітапты үнемі оқып отыруына байланысты. Өкінерлік бір жай, біздің адамдардың, оның ішінде интеллигенцияның арасында кітап оқуды сүймейтін, өздері үшін меншікті кітапхана ұйымдастырмайтын адамдар бар. Олар кітаптың адамның өмірден артта қалмауына, оның мәдениет дәрежесінің үнемі өсіп отыруына ғана көмектесіп қоймай, сонымен бірге семьядағы тәрбие жұмысын нығайтушы екенін түсінбейді.
Егер әрбір үйде кітап болмаса, ол үйдің ішіндегі жиһаздарының молдығы, мал басының көптігі мәдениеттілікті көрсете алмайды»

(«Ленин туы», 19 шілде 1958 жыл. «Кітап – мәдениеттің қуатты құралы» мақаласынан)

Қазақ әдебиеті мен көркем өне­рінің тарихы, жай-күйі жөніндегі көп­теген публицистикалық, әдеби-сын еңбектерінің авторы Ілияс Омаров өз заманында Қазақ КСР Сауда Халық комиссары, Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің хатшысы, «Қазақ­фильм» киностудиясының директоры, Қазақ КСР Министрлер кеңесі Мем­лекеттік жоспарлау комитетінің төрағасы сынды бірқатар жоғары лауазымды қызметтер атқарған қоғам қайраткері. 1933 жылы Ташкенттегі Орталық Азия жоспарлау институтында оқыған Ілияс Омаров осындай қызметтерді атқара жүріп, қазақ руханиятының дамуына зор ықпал еткен сыншы қаламгер ретінде ұлттық әдебиетте өз қолтаңбасын қал­дырған.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста