Академик жазушының мерейтойлық көрмесі

Академик жазушының мерейтойлық көрмесі

Бүгін Республикалық кітап мұражайында Ғабит Мүсіреповтің туғанына 110 жыл толуына байланысты «Сөз зергері» атты көрме өтеді.
Қазақ әдебиетіндегі әңгіме, очерк, пуб­ли­цистика, повесть, роман, драма жанр­ларының қалыптасып, дамуына айрықша үлес қосқан, сондай-ақ әдеби сын мен әдебиеттану саласында да үлкен еңбек сіңірген әдебиетші ғалым әрі ірі аудармашы Ғабит Мүсірепов – майталман сөз зергер­лерінің бірі. Қаламгердің қазақ әдебиетіне қосқан үлесі зор. Заңғар жазушының 110 жылдық мерейтойына арналған көрмеге 1955 және 1992 жылдары шыққан таңда­малысының үш томдығы, 1935 жылы ба­сыл­ған – «Қыз Жібек», 1945 жылы басыл­ған ең алғашқы кітабы – «Қазақ батыры», 1948-1950 жылдары жарық көрген – «Ана туралы аңыз», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», Мәс­кеуде орыс тілінде басылған «Амангелді», «Оянған өлке», «Ұлпан» атты роман-по­вес­тері қойылған.
Социалистік Еңбек Ері, академик жазу­шының шығармалары әлем тілдеріне көп аударылғаны белгілі. Солардың ішінен мұражайдағы көрмеден венгр, чех, словак, латын, орыс тілдерінде сөйлеген «Солдат из Казахстана», «Ұлпан» романдарын кө­руге болады. Осы шығармалардың ішінен жазушының «Қазақстан Республикалық кітап музейіне сыйға тартамын» деп өзі жазып, қолтаңбасын қалдырған, автордың тұңғыш рет 1945 жылы араб әрпімен ба­сы­лып шыққан «Қазақ батыры» атты кіта­бының маңызы ерекше. Сондай-ақ көр­меге жазушының өзі пайдаланған қаламы мен көзәйнегі де қойылған. Көрме сөре­сі­нен атақты суреткердің шығармашылығын зерттеген Ә.Тәжібаев, Ш.Елеукенов, М.Қа­ра­таев, Ә.Нарымбеков, Н.Ғабдулин,  Ж.Мол­дағалиев тәрізді ғалым-жазушы­лардың еңбектерімен де танысуға болады. Көрмеге Алматы қаласының зиялы қауы­мы, академик жазушының қыздары Гүл­нар, Гауһар Мүсіреповалар, Ғ.Мүсіре­пов­тің жұбайы Раиса Мұхамедиярова, әдебиетші ғалым Темірхан Тебегенов, жа­зу­шы Нұрдәулет Ақыш, ақын  Әділғазы Қа­йырбеков тағы басқа да зиялы қауым өкілдері қатысып, Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп оқушылары өнерлерін көрсе­теді.
Ғ.Мүсірепов көрмесі жазушының сирек құжаттарымен, фотосуреттерімен, мерзімді басылымдардағы мақалаларымен, заман­дастарының ол туралы айтқан сөздерімен көркемделген.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста