Айжан Байзақова тегін ауыстырды

Айжан өзінің қазіргі тегін жария етуден бас тартты.

Отандық танымал блогер Айжан Байзақова Динара Сәтжанға берген сұхбатында күйеуінің тегіне өтуіне не түрткі болғанын айтып берді. Бұл туралы Sn.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

“Иә, мен тегімді ауыстырдым. Негізі маған өз тегім қатты ұнайды. Бастапқыда Нұрбек: “Сен бәрібір менің тегімді аласың” дегенде мен: “Жоқ, қайдағыны айтпа. Менің тегімнің өзі қаншама ақша әкеледі. Мазақ қылғаның ба?” деп қарсы болдым. Кейін бір жерден әйел күйеуінің тегін алса, нағыз отбасы болатыны туралы оқып қалдым. Ерлі-зайыпты бір топта жұмыс істегендей әрекет етеді. Нумерологтарға барған кезде олар маған: “Өміріңде қиын жағдай болса не атыңды, не тегіңді өзгерт” деп кеңес берген еді”, – дейді Айжан.

Алайда блогердің бұл шешіміне ата-анасы разы болмаған.

“Әкемнің ренжігені сонша, естігенде дірілдеп кетті. Байзақовтар өз тегін қатты жақсы көреді. Әулеттің ұлдары мен келіндері ажырасып кетсе де, кеткен адамдар тегін өзгертпейді. Өйткені “Байзақовтар” деген әдемі естіледі. Менің анам да әкеммен ажырасып кетсе де әлі күнге дейін өз тегін ауыстырған емес. Менің бұл әрекетімді әкем тұрмақ анам да түсінген жоқ. Әлі күнге дейін маған: “Айжан, сен қалай ғана тегіңді ауыстырдың? Әулетімізді сатып кетуге қалай ғана дәтің барды?” деген сұрақ қояды. Әулетімізде өз тегін ауыстырған мен ғана”, – дейді блогер.

Айжан өзінің қазіргі тегін жария етуден бас тартты. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста