Айжан Байзақова: Әкем түрмеден шықты, айтылуы тиіс нәрсе бар

Айжан Байзақова: Әкем түрмеден шықты, айтылуы тиіс нәрсе бар

Атышулы Айжан Байзақов алғаш рет отбасылық мәселені көпшілікке ашық айтты. Ол әкесінің істі болып, түрмеге тоғытылғанын, отбасының жүгін сол сәттен өзі арқалағанын жеткізді. Айтуынша, әкесі қарттыққа таяғанда өмірін темір тордың ар жағында өткізуге мәжбүр болған.

Бұл туралы Байзақова желідегі парақшасында жазды. 
"Әкем жақында ғана түрмеден шықты. Бұл мені аяу үшін жазылған мұңды жазба емес. Мен үш жыл бойы үндемедім. Бұған дайын емес едім. Қазір есейдім. Өзгелердің бұл оқиғаны теріс жағынан пайдаланғанын қаламаймын", - деп бастады блогр сөзін.

Айжан әкесін түрмеге алып кеткен сәтін еске алды. 

"2018 жылдың наурызында 60 жастағы әкемді қолына кісен салып алып кетті. Ол ешкімнен жасырынған жоқ. Оны террорист, кісі өлтіруші секілді жетектеп әкетті. Бес жылға қамады. Сол сәттен бастап отбасының жүгі менің мойныма артылды. Біз әкемізбен қоштасып та үлгермедік. Мен тек әкеме дәрі апарып бердім. Анамның күйзелістен шашы түсіп қалды. Мен оны әр елге қыдырдып көңілін ауладым", - деді Байзақова. "Осылай үш жыл өтті. Атасы немересін көрген жоқ. Осы сәтте әкемнің туған ағасы қайтыс болды. Оны әкем білген жоқ. Әкемнің не үшін істі болғанын айтпаймын. Ол маңызды да емес. Оның дәл қазір бостандыққа шыққаны маңызды. Ол қазір отбасымен бірге. Бәрінің басында проблема бар. Инстаграмда көрген әлем-жәлемнің бәрі әдемі дүние емес. Қалғанын әкем кейін өзі айта жатар. Оған дайын болу керек. Айтылу тиіс нәрсе бар. Ата-аналарыңызды қадірлеңіздер. Бұл жазбаны жаза отырып бір жеңілдеп қалдым", - деп жазды ол. 

Желідегі оқырманы оған қолдау білдіріп, енді бірі таңғалысып жатыр. 

"Кімнің басында не боларын ешкім білмейді. Бәріміз пендеміз", "Ол үшін ұялудың керегі жоқ", "Уайымыңыз бола тұра күліп жүрдіңіз, бұның өзі сабырлықтың белгісі", "Әке орнына әке болу оңай емес", "Бастысы қазір біргесіздер, құттықтаймын", - деп жазды олар. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста