«Айтыста жеңімпаз 1 жыл бұрын белгілі»: Әнші Ұланғасыр Қамиев айтыстағы жылдарын еске алды

«Айтыста жеңімпаз 1 жыл бұрын белгілі»: Әнші Ұланғасыр Қамиев айтыстағы жылдарын еске алды

Хит әндердің орындаушысы Ұланғасыр Қамиев айтыста жиі әділетсіздік болатынын айтты. Өнер иесінің сөзінше, тіпті жеңімпаз алдын ала белгілі болып қояды екен. Бұл туралы ол "Базарlike" бағдарламасына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Домбыраны жанына серік етіп, үлкен сахналарда кіл мықты айтыскерлермен иық тіресе айтысқан Ұланғасыр Қамиев айтысқа неге шықпай кеткенін айтты.

"Мен соңғы 2 жыл әншілікпен айналыстым. Бірақ 10 жылдай айтысқа қатыстым. Менің айтыстарым телеарнадан көрсетілген жоқ. Дегенмен халық арасында болмаса да айтыскерлер арасында жақсы таныла бастадым. Бірақ айтысқа білек сыбана кіріскен жоқпын. Ағам айтыскер болған соң қолыма домбыра алып келдім", - дейді әнші.

Өнерпаздың айтуынша, айтыста қанжығасы еш майланбапты. Ол тіпті өзіне деген әділетсіздік көп болғанын жеткізді.

"Айтысқа келген күннен кеткенше әділетсіздікке тап болдым деп айта аламын. Бізде айтыста мынадай болатын, "биыл мысалы осы ақын алады" деген. Ал келесі жылы басқа ақын алады. Жыл бұрын белгілі болатын, соған қарамастан айтысқа дайындаламыз. Жеңімпазды қанша жылға жоспарлағанын білмеймін. Мен өзім 10 жасымда бастадым айтысты. Арада жылдар өтіп, 17 жасымда жүлдені менің алатын кезім келді. Себебі бұрыннан жүрген ешкім жоқ. Менің жылым, мен жақсы дайындалдым, бірақ бас жүлде алмадым. Менің жылым келген кезде әділеттік орнап кеткенін түсінбеймін", - дейді Қамиев.
Өнерпаз айтыскер ақын, туған ағасы Дидар Қамиевтің де айтыстан кеткенін жеткізді.

Massaget.kz
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста