Айтыскер ақындардың рейтингі шықты

Айтыскер ақындардың рейтингі шықты

Аitysker.com сайты айтыскер ақындардың 2015 жылғы рейтингін жариялады. Сайтта хабарланғандай, айтыскерлердің деңгейін анықтау нәтижелері былайша есептеледі:

Бас жүлдеге - 100 ұпай, 1 орынға - 75 ұпай, 2 орынға - 50 ұпай, 3 орынға - 25 ұпай. Айтысқа қатысқаны үшін 5 ұпай, ақтық сынға шыққан ақынға 10 ұпай беріледі. Ал «Алтын домбыра» иегеріне 100 ұпай беріледі.

Айтыскерлер әр айтыстан жоғарыда көрсетілген ұпайлардың бір түрін ғана иемдене алады. Яғни, ақын жүлдеге ие болғанда жүлделі орынға белгіленген ұпайды ғана алады. Бұндай жағдайда ақынның есебіне ақтық сынға өткені үшін немесе қатысқаны үшін берілетін ұпайлар қосылмайды.

Бүгінде ұпай есептеудің жүйесі нақты бекітіліп, айтыскерлердің рейтингісі түзіліп отыр.

Оны дайындауда биылғы жылы өткен 14 республикалық айтыстың нәтижелері есепке алынды. Олар: 14 наурызда Көкшетауда өткен «Бірлік пен берекенің жерұйығы», 2 мамырда Атырауда өткен «Ұрпаққа ұран болған ұлы жеңіс», 8 мамырда Қызылордада өткен «Ұлы Жеңіс», 30 мамырда Алматыда өткен «Құлмамбеттің құлыны», 4-5 шілдеде Астанада өткен «Бөрілі байрақ», 7 тамызда Қарауылда өткен «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп», тамызда Бөкей орда ауданында өткен «Тарихы терең қазақ елі», 20-21 қыркүйекте Алматыда өткен «Азаттықтың алтын бесігі», 1 қыркүйекте Ақтөбеде өткен «Бабадан қалған байтағым», 8-9 қазанда Таразда өткен «Мәңгілік Ел», 13 қазанда Шиеліде өткен М.Шоқай мен Н.Бекежановтың 125 жылдығына арналған, 21 қазанда Талдықорғанда өткен «Сөздің пірі - Сүйінбай», 23 қазанда Қызылордада өткен айтыстар және 5-6 желтоқсанда Алматыда өткен «Тәуелсіздікке тағзым» тақырыбымен өткен Алтын домбыра айтысы.

Рейтинг алдағы уақытта осы жүйе бойынша жаңарып тұрады. Яғни, ақындардың қоржыны әр жыр додасында алған ұпайларымен толығып, кестедегі орындары да өзгеріп отырады. Сәйкесінше жүлдеге іліккендер жоғары өрлеп, сүрінгендер төмен сырғиды.

Осыған сай айтыскер ақындар ұпайларына қарай 3 топқа бөлінеді. Алғашқы орындағы 20 ақын Жоғарғы, одан кейінгі 20 ақын 1-лигаға, келесі 20 ақын 2-ші лигаға енеді.

Сондай-ақ, « Айтыскерлер әр айтыстан жоғарыда көрсетілген ұпайлардың бір түрін ғана иемдене алады. Мысалы, жүлдеге ие болған ақынға алған орынына сәйкес ұпай беріледі. Ал ақтық сынға өткені үшін және қатысқаны үшін берілетін ұпайлар оған қосылмайды», - деп ескерту берілген.

Кестеге сәйкес, топтың басында биылғы Алтын домбыраны қанжығасына байлаған павлодарлық ақын Аспанбек Шұғатаев тұр. Үздік үштікке Болатбек Оразбаев пен Айбек Қалиев кірген. Ақындардың жыл бойғы көрсеткен нәтижелеріне сәйкес әрі қарай тізім жалғаса береді.

Сайттың жазуынша, бұл бастама біріншіден, айтыскерлердің арасында бәсекені арттыруға ықпал етпек. Екіншіден, айтыскерлердің өзін өзі дамытуы, ізденуі, талантын ұштай түсуі талап етіледі. Шынайы шығармашылық бәсеке болған жерде ғана даму болатыны баршаға мәлім.Үшіншіден, айтыстың заманға сай жүйеленуіне себеп болмақ. Ол дегеніміз төл өнеріміздің өміршеңдігін арттыра түсу деген сөз. Әлемдегі барлық өнер, спорт түрлерінде шын мықтылар осы тектес жүйелер арқылы анықталатынын көзіқарақты жұрт жақсы біледі. Бокс, теннис, футбол спорттарының қайсысын алсақ та әр бәсеке сайын спортшылардың рейтингісі жаңарып тұрады. Бұл сәйкесінше шын мықтылардың бәсекеде шыңдалып, атақ пен даңққа бөленуіне себеп болуда. Рейтинг анықтау да сол мақсаттан туындап отыр.

Төртіншіден, бұл жүйе айтыскерлерді жыр додаларына іріктеуге, осы арқылы өнерсүйер қауымның сұранысына сай келетін, жоғары деңгейдегі айтыстарды ұйымдастыруға сеп болмақ.

«Жыл бойғы айтыстардың қорытындысы сынды «Алтын домбыра» фестиваліне қатысушалар республикалық айтыстарда дарынымен топ жарып, «жүзден жүйрік шыққан» алғашқы 20-лықтың, Жоғарғы лиганың арасынан таңдалатын болады. Яғни, үлкен додаларға таңдау, іріктеу әділ түрде іске асырылады. Рейтинг aitysker.com және zhebe.com сайттарында тұрақты түрде жарияланып, үнемі қалың жұртшылықтың көз алдында болады.

Осынау бастаманы қолға алудағы басты мақсат - төл өнеріміз ЮНЕСКО қорғауындағы бейматериалдық мәдени мұралар тізіміне алынған тұста оны заманға сай дамытуға, жүйелендіруге серпін беру.

Көнеден келе жатқан, халқымыздың мәдени өміріне әр беріп қана қоймай, әлеуметтің көкейкесті мәселелерін жеткізе жырлайтын ерекше өнерін ұрпақтан ұрпаққа жоғалтпай жеткізу», - деп жазылған хабарламада.
 

kaz.caravan.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста