Айталының айтқандары кітапқа енді

Айталының айтқандары кітапқа енді

Қазақтың тілі мен ділі турасындағы сансыз мәселелердің Парламент мінберінен түсіп қалмауына қалтқысыз қызмет етуші тұлғалардың бірі де бірегейі, философия ғылымының докторы, профессор, мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры Амангелді Айталы бүгін 70 жасқа толып отыр. Осыған орай, бүгін қайраткердің өзі қызмет ететін елордамыздағы Қазақ гуманитарлық заң университетінде салтанатты жиын болмақ. Онда автордың «Арыс» баспасынан жарық көрген «Қазақты намысы қамшыласын» атты жаңа туындысының тұсауы кесілмек.

1999-2007 жылдар аралығында ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты болған кезінде Амангелді Айталы еліміздің заң шығарушы қызметіне белсене қатысып, білім, мәдениет, көші-қон, мемлекеттік тіл, отбасы, жер, басқа да қоғамымыздағы өзекті мәселелерді құқықтық жағынан реттеуге белсене атсалысқанын білесіздер. Сол еңбегіне орай, «Құрмет белгісі», «Парасат» ордендерімен марапатталған қайраткер ағамыздың қаламынан осыған дейін «Ұлт мұраты: депутат көзқарасы», «Байсалды ел байқаусыз қате жібермес» деген туындыларымен қатар, 100-ден астам ғылыми-публицистикалық еңбектер туған еді. Енді бүгінгі тұсауы кесілгелі отырған туындыға автордың соңғы үш жылда баспасөз бетінде жарияланып келген жаһандану, қазақстандық ұлт, ұлт саясаты, еліміздегі діни ағымдардың тартқызған қасіреті, жемқорлық жайындағы саяси-публицистикалық мақалалары мен түрлі сұхбаттары еніп отыр. Кітапта қаламгер жаһандану тұсында туған ұлт тағдырына байланысты өткір мәселелерді жан-жақты саралайды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста