Аймақтық арнаның өз артықшылығы бар

Бейсен ҚҰРАНБЕК, Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының бас директоры:

– Сіз газеттерде тәжірибе жинап, «Ха­­бар» телеарнасында төселген жур­налиссіз. Журналистиканың қыр-сы­рын жетік меңгерген маман ретінде ор­талық телеарналармен салыс­тыр­ғанда жергілікті телеарнаның ұтары мен ұтылар жақтарын салмақтап көр­діңіз бе?
– Әрине, аймақтық арналарды қай жа­ғы­нан алып қарасаң да, орталық теле­арна­лар­мен салыстыра алмайсың. Орталық ар­налардың материалдық-техникалық ба­за­сы күшті. Заманауи үлгіде жабдық­тал­ған үл­кен студиялар, мықты бейнека­ме­ра­лар т.б. Кадр мәселесінде де, орта­лық­та те­ле­эк­ранның небір майталман ма­ман­да­ры жұ­мыс істейді.
Бірақ аймақтық телеарналардың өзінің ар­тықшылығы бар. Мәселен, біз кө­рер­мен­деріміздің кім екенін анық білеміз. Се­бе­бі Алматы облысында халықтың 70 па­йы­зы ауылдық жерлерде тұрады. Сон­дық­тан ауыл халқы не көргісі келеді деген мә­селені зерттеп, хабарларымызды кө­рер­мен­деріміздің қалауына қарай лайықтап жа­садық. Нәтижесінде телеарнада ұлттық құн­дылықтар мен мұраларымызды на­сихаттау, өзекті мәселелерге қатысты өткір пі­кірталас, бала тәрбиесі, танымдық тұр­ғы­дағы нарық тақырыбы т.б. толып жатқан жа­ңа жобалар дүниеге келді. Оған қоса, эфирдің 70-75 пайызы – қазақ тіліндегі шығарылымдар.
Жалпы, қай тақырыпты қаузасақ та, об­лыс басшысы Серік Әбікенұлы бағыт-бағ­дар беріп, ой салып отырады. Осыдан бі­раз бұрын «Сергектік» дейтін фильмді кө­ріп, «Елбасының спортпен айналысуы – жас­тарға үлгі. Сонымен қатар кабинеттен шықпайтын қарынды шенеуніктерге де ой салсын, осы фильмді өз телеарнамызға лайықтап, үзінділерін үнемі беріп отыр­сақ», – деген ұсынысын айтты. Сол фильм­нен ролик дайындадық. Қазір телеарнада спорт­ты насихаттайтын үздік роликке ай­налды.
– Республика бойынша сандық жү­йеге қосылуға бағытталған жұмыстар бас­талып кетті. Осы ретте жергілікті арналардың жайы қалай болмақ?
– Қазір күніне 10 сағат эфирге шықсақ, жа­ңа жүйеге көшкеннен кейін 17 сағатқа де­йін ұзартуымызға тура келеді. Бұл қо­сым­ша уақыт – қосымша кадр, қосымша тех­н­икалық құрал-жабдық деген сөз. Сан­мен бірге сапаны да қатар алып жүру қа­жет. Оның бәріне дайындығымыз бар, көш­­ке ілесіп кете аламыз. Себебі «Ин­тел­сат» арқылы спутниктік жүйемен бұ­рын­нан шы­ғып жүрміз.
Бізді бір қинайтыны – үлкен студияның жоқ­тығы. Телеарна бұрынғы ра­дио­ко­ми­тет­тің ғимаратында отыр. Дегенмен тағы 2-3 жыл уақытымыз болғанда, жос­пар­ла­ға­нымыздай, үлкен студиялары бар кеңей­тіл­ген ғимаратқа көшіп үлгерер едік.

     Мейрам Базарұлы бөлім меңгерушілерімен жұмысты талқылауда

– Кадр мәселесін қалай шешпексіз­дер?
– Жергілікті бұқаралық ақпарат құ­рал­да­рында, соның ішінде арнада кадр мә­се­лесі – күйіп тұрған мәселелердің бірі. Тал­ды­қорған Алматы секілді үлкен ме­га­по­лис­ке жақын орналасқандықтан, тә­жі­ри­бе­лі журналистердің мұнда тұрақтап қалуы си­рек. Сондықтан кәсіби тұрғыда төселген әр­бір кадрды қадірлеу, жастардың қа­бі­ле­тін аша білу, шығармашылығының шың­да­луына мүмкіндік беру, материалдық жағ­дайын жасау секілді жан-жақты қолдау көр­сетіледі.
Облыстық әкімдіктің қаржылай қол­да­уы­ның арқасында телеарна жур­на­лис­те­рінің жағдайы біршама түзелді. Жалпы, қа­зіргі кезде қазақтілді бұқаралық ақпарат құ­ралдарын қоржыны тоқ деп айта қою қиын. Соның ішінде әсіресе аймақтық ақ­па­рат құралдарының да жағдайын жасау көп ретте көлеңкеде қалып жатады. Бұл жа­ғынан келгенде «Жетісудың» бағы бар деу­ге болады.
Соңғы үш жылда телеарна жу­р­на­лис­те­рінің жалақысы үш есе, жолсапар ақысы бес есеге көбейді. Расында, арна қа­зір об­лыс­тағы ең жоғары жалақы тө­лейтін маң­дай­алды мекемелердің бірі бо­лып отыр. Ке­ңес кезеңімен бірге кел­меске кеткен са­уықтыру жәрдемақысын ала­тын бірден-бір ақпарат құралы – тағы осы «Жетісу».
Қалалық жерде баспана басты мәселеге ай­налып тұрған шақта он шақты қыз­мет­ке­ріміз қоныстойын тойлап үлгерген. Бұл да – аз қуаныш емес.
Телеарна журналистерінің шыңдалуына да мүмкіндіктер мол. Бүгінге дейін же­ті­су­лық­тар Сауық Жақанова, Бүркіт Бек­ма­ғам­бе­­тов, Қымбат Досжан, Әйгерім Шәй­мер­­ден, Ержан Сүлейменов сынды май­тал­­­ман мамандардан бірнеше мәрте дә­ріс тыңдап, дикторлық шеберлік, тіл та­за­лығы, те­ле­­журналистиканың өзіне тән ерек­­ше­лік­­терін етене меңгеруге мүмкіндік ал­ды. «Ха­­бар» телеарнасының маң­дай­ал­ды ма­ман­­дары да оператор, жарық тү­сі­ру­ші кадр­лармен білгендерін бөлісті. Те­­ле­арнада бас директордың бірінші орын­басары қыз­ме­тіндегі Мейрам Ба­зар­ұлы – жур­на­лис­ти­каның талай са­ты­сы­нан өт­кен, «Қа­зақ­стан» теле­ар­на­сының қа­быр­ғалы ре­дак­тор­­ларының бірі болған, жас­­тарға үйретері мол, тәжірибелі ма­ман.
Қолайлы мүмкіндіктер жасаудың ар­қа­сында кадр мәселесі шешімін тауып ке­ле­ді.
– Әңгімеңізге рақмет! Жұ­мыс­та­рыңызға табыс тілейміз.

Қоғамның рухани шөлі басылған жоқ
Жұмахмет ЖАЙЛАУБАЕВ, қазақ редакциясының бас редакторы:
– «Иманашар» бағдарламасының эфир­ге шыққанына жеті жылдан астам уақыт болды. Телеарнада бір жобаның осын­шама ұзақ уақыт жүруі өте сирек кез­деседі. Бірақ, Аллаға шүкір, көп­ші­ліктің қызыға көретін хабарларының бі­ріне айналды. Өткен жылы біраз уа­қыт эфирге шықпай қалған кезде көп­те­ген көрермен хабарласып, қайта жал­ғастыруды сұрады.
«Неге «Иманашар» өз рейтінгісін ұс­тап тұр?» деген сауалға жауап беретін бол­­сақ, ең бірінші, хабардың берілу сти­ліне байланысты болса керек. Көп жер­лерде ислам дінін уағыздағанда то­­зақпен қор­қытып, шайтанмен шо­шы­тып наси­хат­тайды. Ал біз исламның ішкі дүниесін ашу­ға тырысамыз. Бүгінге дейін қам­шы­ның өріміндей бірге өріліп кеткен салт-дәстүріміз бен шариғат заң­да­ры­ның арасында қандай қай­шы­лық болуы мүм­кін? Сондықтан дініміз бен ділімізді бай­ланыстырып оты­ра­мыз.
Жарыққа шыққанына бір жылға жуық­таған «Шаңырақ» бағдарламасы ұлт­тық рух, ұлттық тәрбие, ұлттық құн­дылықтарды бағыт етіп ұстанып келеді. Көптеген кездесулерге, семинарларға, кон­курстарға, басқа да шараларға жиі қа­тысқанда байқайтынымыз, бүгінгі қоғам рухани мәселеге шөлдеп отыр. Сондықтан Жетісу өңіріндегі зиялы қа­уым­ның басын қосып, әртүрлі мәселе­лерге ой бөлісу үшін «Шаңырақты» эфирге шығардық. Мақсат – қоғамдық пікір қалыптастыру.
Жалпы, бізде тақырыптық жағынан барлық сала қамтылған деп айтуға бо­ла­ды. Кішкентай бүлдіршіндерге ар­нал­­ған «Балауса» бағдарламасынан бас­тап, нарық, өндіріс, білім, ден­сау­лық, өнер т.б. салаларға арналған бағ­дар­ламалар бар. Солардың ішінен «Ама­нат» бағдарламасын атап өтуге бо­­лады. Жетісу өміріне еңбегі сіңген, өмірі өнегелі тұлғаларымызбен сұхбат жүргізіледі. Көкірегі шежіре қария­лардың айтқандарын аманаттап көрер­мен­дерімізге жеткізіп отырамыз.
Күн сайын «Замана» бағдарламасы тікелей эфирде өтеді. Дәл осы сәтте қоғамда не өзекті, не айтылу керек деген мақсатта бүгінгі заманның та­мы­рын басып, заманның қалпын, ба­зар­­дың нарқын болжай алатын, өз ойын айта алатын азаматтарды шақы­ра­мыз.
Алдағы уақытта тарихи жобаларды жүзеге асырсақ деген ойымыз бар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста