Айгүл Иманбаева "Медеяны" қоярда неге ауырып қала береді?

Айгүл Иманбаева "Медеяны" қоярда неге ауырып қала береді?

7 сәуір күні Алматыдағы Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының сахнасында «А.И музыкалық театры» Жан Ануйдың «Медея» спектаклін қойды. Естеріңізде болса, 2011 ең алғаш «А.И» театрының шымылдығы осы спектакльмен ашылған болатын. Содан бері «Медеямен» бірнеше халықаралық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүрген театр ұжымы өздеріне табыс әкелген спектакльді күні кеше Алматы көрермендеріне екінші рет ұсынды. «Алаш айнасының» тілшісі де «Медеяны» көріп қайтқан еді.

Сахна сыртында актерлер қойылымға әзірленіп жатыр. Тек басты рөлді ойнайтын актрисаның мазасы болмай, қара терге малынып, тамағы қарлығып отырғаны тіпті сырт көзге көрініп тұрды. Басты кейіпкер Медеяны ойнап, Еуропа көрермендерін таңғалдырған шебер актриса Айгүл Иманбаеваның жанына барып, сахнаға шығар алдынғы көңіл-күйін сұраған едім. Сонда Айгүл өзінің жайы болмай, ауырыңқырап отырғанын айтты.

Айгүл Иманбаева, актриса: – Театр ұжымы 2011 жылы алғаш рет «Медеяны »Алматы қаласында қойды. Одан кейін Украинада, Сербияда, Македонияда өткен халықаралық байқауларға осы спектакльмен қатыстық. Менің байқағаным мен осы «Медеяны» әр қоярдың алдында қатты ауырып қаламын. Міне, бүгін де таңертең тұра алмай, түс ауа басымды әрең көтердім. Буындарым әлсіреп, қара терге малшынып, тамағым жыбырлап, жөтел қысып әбден мазам кетті. Бірақ мен Медеяны ойнар алдында қандай ауырып тұрсам да, сахнаға бар жігерімді жинап шығуға тырысамын. Жалпы Медея өте күрделі кейіпкер, көрерменнің қабылдауына да өте ауыр шығарма. Бірақ бұл әлемдік классика. Медея сынды жұмбақ кейіпкердің құпиясын ашуға талай қаламгер тырысты. Мұндай ғасырлар бойы сахнадан түспей келе жатқан туындының тылсым күші бардай көрінеді маған. Сондықтан да болар Медеяны қояр алдында мен тіпті өзімді жайсыз сезінемін.

Иә, театр сахнасының өзі касиетті орын ғой. Театр өнерін жан-тәнімен сүйетін, үлкен жауапкершілігін түсінетін, өзі сомдайтын кейіпкерді зерттеп, зерделей білетін өнер иесінің «Медея» спекталіндегі тылсым күшті сезінуі заңдылық секілді.
Булгаковтың атақты спектаклі «Мастер Маргаританы» ойнаған актерлердің көбі қойылымның тылсым күшінен қорқып, өз тағдырларына әсер етеді деп ырымдайды екен. Тіпті кейбір актерлердің осы спектакльден кейін бақытсыздыққа ұшырайтынын Ресей басылымдары жарыса жазып жатады. Ал Айгүл «Медеяны» ойнаудан қорықпайды, өз тағдырына қатысты ырымдамайды да, тек кейіпкерінің жан-дүниесін сезінуге тырысады, туындының тылсым күшіне сенеді.

Жұлдызбек Жұманбай, «А.И» театрының көркемдік жетекшісі: – «Медея» спекталкінің режиссері Қуандық Қасымов ағамыз. Бұл классикалық шығарманың халықаралық байқаулардан жүлделі орындарды алып келуінің сыры басты рөлдегі Айгүлдің актерлық шеберлігінің арқасы және барша театр ұжымының еңбегі. Халықаралық байқауларда қазылық еткен театр мамандары біздің «Медеяны» өзімізше, қазақша ойнағанымызға тәнтті болғандарын айтты. Айгүл Медеяны ойнарда, ойнап жүріп те біраз ізденді, киносын көрді, әлемдік театрларыдың қалай қойғанын тамашалады. Айгүл осы кейіпкерді әр ойнаған сайын өзгереді. Өйткені театр – тірі организм. Актриса осыны жақсы түсінеді.

Режиссердың айтуынша, бүгінде театр ұжымына жастар көптеп тартылып жатыр екен. Міне, күні кеше театрға жаңадан қабылданға жас актрисалар алғаш рет «Медея» спектаклінде ойнап шықты. Құрманбекова Гүлнәр, Бекбатырова Әсем, Иманбекова Әсем, Тілеубекова Толғанай сынды жас актрисалар Асанәлі Әшімов, Оразхан Кенебаев секілді театр майталмандарының шәкірттері. Олар Гүлжамал Қазақбаева, Қадырғазы Қуандықов, Әсет Иманғалиев, Жұлдызбек Жұманбай, Айгүл Иманбаева секілді белгілі актерлермен бір сахнада ойнап, тәжірибе жинақтап, үлкен мектептен өтуде.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста